«MEXXI» және «DIAMOND» брендтерінің отандық нарықта танымалдығы артты

Oinet.kz 23-07-2025 54

Шымкент қалалық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңының баспасөзі хабарлағандай, Шымкент қаласында орналасқан «NURTAU Distribution Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Қазақстанның кондитерлік өнеркәсібінде қарқынды даму үстіндегі ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.

1000394815.jpg

Серіктестік директоры Абай Мырзабаевтың айтуынша, компания бүгінгі күні шоколад, печенье, сағыз, чипс, сусындар және дәстүрлі науат түріндегі кондитерлік өнімдер шығарумен айналысады. «NURTAU Distribution Company» компаниясы сапалы әрі бәсекеге қабілетті отандық өнімдер өндіру арқылы Шымкент қаласының ғана емес, жалпы Қазақстан Республикасының кондитерлік саласындағы беделін арттыруға елеулі үлес қосып келеді. Президентіміз Жолдауында «Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап» деді Президент. Яғни, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елде шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау мақсатында экономикалық «Бірыңғай кешенді бағдарлама» қолға алынды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты экономиканың түрлі секторларында бәсекеге қабілетті, импортты алмастыратын кәсіпорындарды дамытуға бағытталған.

– Жалпы біздің компаниямыз өзіміздің сұлы үлпектері дейміз ғой, соның өнімі бойынша, ел көлемінде Меххі шоколадын өндіреміз. Және сағыздың 20-30 түрі өндіріледі. Чупа-чупс, конфеттердің 20 түрі, балаларға арналған чипсылар және кириешки, сол сияқты көптеген тәттілер дайындалады.Бізде негізі экспорт өткен жылы болған. Қазір, 2025 жылға жаңа келіссөздер жасап жатырмыз. Алла қаласа осы жылдың 3 тоқсанында қайтадан экспортты қолға алып, өнім жіберуді бастаймыз. Өнімдерді Ресей, Қырғыз бен Өзбекстан мемлекеттеріне экспорттау көзделуде, – дейді компания директоры.

«Тассай» экономикалық индустриалдық аймағында орналасқан өндіріс ошағы 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Тәтті өндірісін қолға алған зауыт пайдалануға берілген сәттен бастап заманауи технологиялармен толық жабдықталған. Бүгінгі күні ішкі нарықпен қатар, шетелдік нарықтарға да өнім экспорттауда. Жоғарыда айтқанымыздай компания өнімдерінің қатарында шоколад, печенье, сағыз, чипс, сусындар және дәстүрлі науат түріндегі кондитерлік өнімдерімен бірге «MEXXI» және «DIAMOND» брендтері тұтынушылар арасында кеңінен танымал.

Серіктестік бүгінгі күні 200-ге жуық адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Ал компанияның еліміз бойынша 4 мыңнан аста сауда нүктелерімен келіссөзге отырып, тәтті өніммен қамтамасыз етуде. Одан артылғанын алдағы уақытта Ресей, Өзбекстан, Қырғыз республикасымен қатар Татарстан елдеріне экспортталуды мақсат етіп отыр.

Шымкент қаласында «FSM Social» қанатқақты жобасы жұмыс істеуде
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардан түскен 30167 өтініш қанағаттандырылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу