Мүмкіндігі шектеулі азаматтардан түскен 30167 өтініш қанағаттандырылған

Oinet.kz 23-07-2025 55

Шымкент қалалық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңының баспасөзі хабарлағандай, қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау және қолдау бағытындағы мемлекеттік шаралар жыл сайын жетілдіріліп, жүйелі түрде жүзеге асырылуда. 

1000394816.jpg

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның айтуынша, бүгінгі күні қала аумағында 42479 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген, оның 8275-і – 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.

Бүгінгі күні мүгедектігі бар азаматтарды қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларымен қамтамасыз ету. Яғни, мүгедектігі бар адамдардың тіршілік-тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға, олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады. Мүгедектігі бар адамдардың өзін-өзі қарап-күтуіне, өз бетімен өмір сүру мүмкіндігіне қол жеткізуіне немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмірдің үйреншікті жағдайларына қайта оралуына жағдай жасауда арнайы оңалту құралдарының алатын орны ерекше екені даусыз. Жалпы бүгінгі таңда мүгедектігі бар адамдарды қажетті арнайы оңалту құралдарымен және  арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстары автоматтандырылған түрде Әлеуметтік қызметтер порталы ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

– Мүгедектігі бар азаматтарды қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі – әлеуметтік қызметтер порталы. Бұл цифрлық платформа арқылы азаматтар қажетті техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтерге электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен өз бетінше тапсырыс бере алады. Жүйенің қолжетімділігін арттыру мақсатында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылып, мұнда білікті мамандар тарапынан кеңес пен көмек көрсетіледі, – дейді басқарма басшысы.

Жалпы әлеуметтік қызметтер жүйесін цифрландыру – азаматтардың қажеттіліктерін дер кезінде, ашық әрі ыңғайлы түрде қанағаттандыруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл бастамалар инклюзивті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Мемлекеттің ерекше жандарға қоғамда тең мүмкіндіктер жасау саясатын өз құзіреті шегінде жүзеге асыру басқарманың басты міндеті болып қала бермек. Бұл бағыттағы жұмыстардың шарапатын қызмет ұсынылатын әрбір азамат сезінуде.  Мәселен 2025 жылдың басынан бері оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес барлығы 41788 өтініш қабылданып, оның 72,2 пайызы немесе 30167 өтініш қанағаттандырылған.

«MEXXI» және «DIAMOND» брендтерінің отандық нарықта танымалдығы артты
Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы санағына дайындық басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу