Мәдениет және өнер қызметкерлері халық қалаулысымен ашық пікір алмастыМәдениет және өнер қызметкерле

Oinet.kz 23-07-2025 57

Шымкент қаласында мәдениет және өнер қызметкерлері халық қалаулысымен ашық пікір алмасты

1000394850.jpg

Шымкент қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған ақпаратта  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарованың мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездескені жарияланды.

Кешегі күні елімізде сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының жұмысы аяқталып, Парламент депутаттары екі айлық каникулға шықты. Жалпы өткен сессияда Парламент депутаттары 500-ден аса елдімекенге барып, азаматтармен 1200 кездесу өткізген. Онда көтерілген барлық мәселе Үкімет алдына қойылыпты. Енді міне, 1 шілдеден бастап Парламент депутаттары өңірлерді аралап, халықпен кездесулер өткізуде. Мұндай кездесу Шымкент қаласында де өтті.

Бұл кездесу мәдениет пен өнердің өзекті мәселелерін талқылауға, сала қызметкерлерінің ұсыныс-тілектерін тыңдауға және оларды заңнамалық деңгейде қолдау тетіктерін қарастыруға арналған маңызды алаң болды. Сенат депутаты ретінде Айгүл Жарылқасынқызы еліміздің мәдени дамуына үлес қосып жүрген мамандармен ашық алаңда сұхбаттасты. Халық халаулысы мәдениет саласына қатысты соңғы жылдары қабылданған заң талаптарымен таныстырды. Сондай-ақ мемлекеттік деңгейдегі мәдени шығармашылық ұйымдарға ұлттық атау берудің критерийлері туралы және ескерткіштерге, мәдени дизайн кодына, қаланың мәдени нысандарына байланысты нормалар жайлы да айтып өтті.

Халық қалаулысы шешімін таппаған мәселелерді де жасырмады. «Күн тәртібінен түспеген театр және Білім және ғылым министрлігіне қарасты кітапхана қызметкерлерінің жалақы мәселесі де жиында сөз болды. Олардың жалақысының аздығы себепті оларға аттестация жүргізілмейді екен. Сәйкесінше біліктілігін де арттыра алмайды. Бұл мәселе де – біздің назарымызда», - деді Айгүл Жарылқасынқызы.  Сондай-ақ ол қазіргі таңда Сенат қабырғасында мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі, өңірлік мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту, жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау сияқты маңызды бағыттар қарастырылып жатқанын жеткізді.

Жиын барысында Шымкент қаласын креативті индустрияландыру туралы Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев та ой бөлісті. Оның сөзінше, өткен жылы Шымкент қаласында 4 мәдениет үйі жаңартылып, пайдалануға берілген. Жалпы мегаполисте 10 мәдениет үйі жұмыс істейді екен. «Биыл қала әкімінің тапсырмасы негізінде құрылыс басқармасы арқылы Опера және балет театры, сонымен қатар тағы да 5 мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып жатыр. Қазіргі таңда 7 театр жұмыс істейді. Ол театрдың барлығы дерлік толыққанды бір ғимаратта отырған жоқ. Сондықтан біз оны да ойлауымыз керек. Сол себептен бұл бағыттағы жұмыстар өзінің кезең-кезеңімен атқарылып келе жатыр, - деді Бауыржан Орынбасарұлы.

Шымкент қаласында үш өндіріс ошағы ашылды
Шымкент қаласында 25 өрт сөндірушіге пәтер кілті тапсырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу