Шымкент қаласында 25 өрт сөндірушіге пәтер кілті тапсырылды

Oinet.kz 23-07-2025 53

Шымкент қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменттің өрт сөндіру саласының 25 қызметкеріне жергілікті «Қамқор» бағдарламасы аясында пәтер кілттері тапсырылған. Бұл өрт сөндірушілерге жасалған үлкен құрмет, үлкен қолдау.

1000394851.jpg

Осынау пәтер кілтін және Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне өрт сөндіру техникаларын және нысанды киім-кешекті салтанатты тапсыру рәсіміне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысты. Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы мен жеке құрамы қатысқан жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Өрт сөндірушілерге жергілікті атқарушы органдардан 38 өрт сөндіру техникасы, республикалық бюджеттен 5 автокөлік берілді. Жаңа көліктер апатты жағдайларға тез жетіп, өрт сөндіруге септігін тигізбек. Ал департаменттің өрт сөндіру саласының 25 қызметкеріне жергілікті «Қамқор» бағдарламасы аясында пәтер кілттері тапсырылды. Қазақстандық құтқарушылар қорының қолдауымен қызметкерлерге жаңа нысанды киім-кешек берілді. Жеке құрамға әлеуметтік қолдау министрлік және қала әкімдігі тарапынан көрсетіліп отыр.

Материалдық-техникалық базаны жаңғырту жөніндегі ведомстволық бағдарлама шеңберінде өңірге заманауи құтқару және өрт техникасының рекордтық көлемі жіберіліп, еліміздің оңтүстігіндегі ТЖМ бөлімшелерінің әлеуетін нығайтуға зор септігін тигізбек.

–Бұл бастамалар Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде іске асырылып, азаматтық қорғау жүйесін жаңғыртуға, оның тиімділігін арттыруға және қызметкерлер үшін қызмет көрсету жағдайларын жақсартуға бағыталған. Соңғы жылдары азаматтық қорғаныс саласында материалдық-техникалық базаны жаңарттық. Жаңа өрт сөндіру деполары ашылды. Тағы да салынып жатыр. Өз өмірін қатерге тігіп, адал қызмет етіп жүрген азаматтарға бүгін пәтер кілттерін және жаңа формаларды табыстаймыз. Бұл ең алдымен сіздердің еңбектеріңіздің бағалануы, - деді қала әкімі.

Қала әкімі азаматтық қорғау саласына жеткілікті қолдау көрсетіліп жатқанын, бұл жұмыстар одан әрі жалғасатынын атап өтті. Жиында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов сөз алып, өрт сөндірушілерді жаңа пәтерлі болғандарымен құттықтап, жаңа техникалар халыққа қызмет ете беруіне тілектестігін жеткізді.

Мәдениет және өнер қызметкерлері халық қалаулысымен ашық пікір алмастыМәдениет және өнер қызметкерле
Шахмат пен тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу