Ұлттық аспапқа деген құрмет ортаймақ емес

Oinet.kz 23-07-2025 54

Шымкент қаласын шырайын ашып, түрлі мәдени, рухани кештер жиі ұйымдастырылып тұратын саябақтың бірі – «Шымсити» саябағы. 

1000394860.jpg

Мұнда қазақ халқының рухани-мәдени мұрасын ұлықтау, ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттау бойынша өткізілетін кештер көп-ақ. Соның бірі – Астана күні және Ұлттық домбыра күндеріне орай «Шымқала кештері» жобасы аясында өткізілген жас ақындар арасындағы «Жеребенің жүйрігі» атты айтыс пен «Күмбірле домбыра» атты мәдени іс-шараны атап өтуге болады.

Атап өтерлігі, Шымкент қаласында «Шымқала кештері» жобасы аясында өткізілген іс-шараға қала әкімдігі қолдау көрсеткен. Ал саябақтағы іс-шаралар шаһардың өнер сүйер қауымына, қарапайым қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлағаны анық.

Шымкенттік белгілі айтыскер ақын Біржан Байтуов «Шымқала кештері» жобасы аясында екі күнге жалғасқан мәдени іс-шаралар легі аясында «Жеребенің жүйрігі» атты ақындар айтысы мен Ұлттық домбыра күніне арналған концерттік бағдарлама қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй мен ұлттық рух сыйлады» дейді.

– Ұлттың рухын көтеретін қасиетті домбыра қашанда қазақ мәдениетінің алтын діңгегі болып қала береді. Биыл осы ұлы мереке Елордамыз Астана күнімен тұспа-тұс келіп, Шымкент қаласында кеңінен тойланды. Қатар келген қос мереке шымкентіктердің ұлттық рухын, отанға деген шексіз сүйіспеншілігін, ұлтқа деген адалдығын оятты. Жалпы бүл күндері қалада бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып отыр. Мереке аясында қаламыздың мәдениет және өнер мекемелерінде де түрлі мазмұндағы іс-шаралар жоспарланған болатын. Сонымен ол кеш барысында көрермендерге қазақтың төл мұрасы – күй мен ән өнерінің жауһар үлгілері ұсынылды. Домбыраның қоңыр үнімен әуелеген дәстүрлі күйлер мен аймақтық ән мектебі өкілдерінің орындауындағы әуендер көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен өнерпаздар Батыс, Арқа, Сыр, Қаратау, Жетісу, Алтай-Тарбағатай ән-күй мектептерінің туындыларын, сондай-ақ қазіргі заманғы дәстүрлі бағыттағы шығармаларды орындап, көрермен көңілінен шыға білді, – дейді Біржан Байтуов.

Сонымен қатар жоба аясында саябақта жас ақындар айтысына 12 үміткер қатысып, финалда «Жылдың жүйрігі» атағын сарапқа салды. Айтыс қорытындысында арыстық Нұрмахан Жақып бас жүлдені иеленіп, «Жыл жүйрігі» атанды. Жеңімпазға ұлттық өнерді қолдаған демеушілер тарапынан 1 миллион теңгелік қаржылай сыйақы берілді.

​Шымкент қаласының көзайымына айналған арнаға бір жыл
Мамандықтың жаманы жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу