Жеңіс тұғырында Шымкентік жастар

Oinet.kz 23-07-2025 44

Шымкент қаласының «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері жарап тұр. 

1000394867.jpg

Жарыстан жүлделі оралған «Арыстан» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Батырхан Байданов

«Ардагер өсиеті» атты республикалық жастар марафоны Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірін қамтыған жарыс өте тартысты өткенін, әр қатысушының жеңіске деген жігері жоғары болғанын айтты.

   Марафон Ақтөбе қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова мемориалдық кешенінде бастау алған. Жастар бұған дейін соғыс ардагерлерімен жүздесіп, олардың хаттары мен өсиеттерін жинаған болатын.

Жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке баулу, патриоттық, елжандылық рухта тәрбиелеу «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының  негізгі міндеті. Ақыл-ойлық, ер-жігерлік, күш-қуаттылық, сөзге тоқтамдық, өзін-өзі ұстай білушілік,  шешімталдық, табандылық, кәсіпқойлық пен қаһармандық клуб білімгерлерінің ұстанатын басты қасиеттері болып табылады.

«Әрбір ер азамат сарбаз бола білуі керек. Әсіресе жастар әскери техникалар мен жаттығуларға қатыса отырып өз машықтарын, ерік жігерін шыңдай түседі. Жалпы мемлекетіміз барда оны қорғайтын әскері болатыны сияқты, жастар отан қорғауға қазірден дайын болғаны абзал. Ол үшін осындай курстарға қатысып, өзін-өзі шыңдап отырса, жастар отанының нағыз патриоты болып өседі деген ойдамын», дейді «Арыстан» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Батырхан Байданов.

Сонымен марафонға еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан жастар өзара бақ сынады. Солардың ішінде Шымкент қаласының өрендері де оза шауып, жоғары жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының Шымкент командасы жүлделі үшінші орынды иеленсе, Сабыр Рақымов атындағы республикалық әскери колледжінің тәрбиеленушілері бірінші орынды жеңіп алды.

Оларды Шымкент қаласының тұрғындары салтанатты жағдайда қарсы алды. Ол жиында қалалық білім басқармасының өкілдері мен ардагерлер, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серікбай Оңбаев сөз сөйлеп, қала беделін қорғап, жүлдемен оралған жас сарбаздарға алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының дене тәрбиесі пәнінің әдіскері Дәулет Құттиев те бұл жеңістің жастар арасында патриоттық сезімді оятудағы маңызын ерекше атап өтті.

Шымкентте Мәдениет және өнер университетін ашылуы рухани дамудың басы болмақ
Салт-дәстүрім – салтанатым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу