Шымкенттік жас сарбаздар ұлт патриоттары

Oinet.kz 23-07-2025 39

Жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке баулу, патриоттық, елжандылық рухта тәрбиелеу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері негізгі міндеті.

1000394909.jpg

Ақыл-ойлық, ер-жігерлік, күш-қуаттылық, сөзге тоқтамдық, өзін-өзі ұстай білушілік, шешімталдық, табандылық, кәсіпқойлық пен қаһармандық жас сарбаздардың жаттығуда ұстанатын қасиеттері болып табылады. Міне жуырда Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының 2025 жылға арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес аумақтық қорғаныс құрылымдары арасында оқу-әдістемелік жиынның өтуі жас сарбаздардың шеберлігін арттырып, ұлтжандық сезімін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсті.

Аталған оқу-әдістемелік жиын шаһардағы 50120 әскери бөлімінің базасында өткізілді. Іс-шара жауынгерлік даярлық шеңберінде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында спорттық жарыстар басталды. Атап айтқанда, алғашқы күні өңірлік қолбасшылықтардың аумақтық әскерлері бөлімдерінің басшылары мен аумақтық қорғаныс бригадалары командирлері арасында волейболдан жолдастық турнир өтті.

Бұл іс-шараға Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Асқар Жоламанов, аумақтық қорғаныс департаменттерінің бастықтары, әкімдіктердің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшілері, сондай-ақ аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармаларының басшылары қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – аумақтық қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылды үйлестіру, жұмылдыру дайындығын жетілдіру, әскери-патриоттық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл жарыс әскери қызметшілердің спорттық шеберлігін көрсетіп қана қоймай, олардың бірлігін, ұйымшылдығын және командалық рухын арттыруға оң ықпал етті.

Жас сарбаздар қатысқан оқу-жаттығу барысында спорт түрлері бойынша ұйымдастырылған турнирлер тартысты өтті. Жастар спортпен қатар ұлттық-салт-дәстүрден, әдет-ғұрып бойынша қойылған сұрақтарға да жауап беріп, білімділіктерімен қатар ұлтжандылықтарын танытты. Ал волейбол турниріне бес команда қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар қатарында, Әкімдердің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшілерінен құралған команда, Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің командасы, Аумақтық қорғаныс бригадалары командирлерінің командасы, Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармаларының өкілдерінен құралған команда болды. Ойын қорытындысында Шымкент қаласындағы резервтегі қорғаныс бригадасының командасы жеңімпаз атанып, жеңіс тұғырынан көрінді.


Қала тарихы тереңдете түскен қазба
Шымкентте ұлттық сусынға деген сұраныс артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу