Қошқар-Ата өзенінің жағалауында жайлы демалыс кешені жасалуда

Oinet.kz 23-07-2025 46

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың бастамасымен Қошқар-Ата өзенінің жағалауы нығайтылып, абаттандырылып жатқаны жарияланды.

1000394933.jpg

Жалпы Шымкент ақаласы үшін Қошқар-Ата өзені маңызды экологиялық және рекреациялық аймақ. Қала әкімінің айтуынша, өзен жағалауын абаттандыру жобасы бұл аумақты заманауи демалыс орнына айналдыруға бағытталған. Жаңа серуендеу аймағы тұрғындарға отбасылық демалыс, серуендеу мен белсенді тынығу үшін барлық жағдайды ұсынатын болады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен басталған  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Шымкент қаласында да өз жалғасын табуда. Бұл ең алдымен халықтың тазалыққа, табиғатқа құрметпен қарауға деген мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Акцияға үлес қосу аясында өткен жылы және осы 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында жүзден аса экологиялық іс-шара өткізілді. Олардың қатарында «Таза кәсіп – таза аймақ», «Киелі мекен», «Таза өлке», «Мөлдір бұлақ» сынды республикалық және халықаралық акциялар бар. Осы іс-шаралар барысында күл-қоқыстар шығарылып, қала аумағына миллионнан аса тал-дарақ, жеміс ағаштары отырғызылды. «Таза Қазақстан» бастамасының басты міндеті – әрбір азаматтың, әсіресе, жас ұрпақтың табиғатқа деген көзқарасын өзгерту. Осы ретте Шымкент қаласында экологияны жақсарту және тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта менің бастамасымен Қошқар-Ата өзенінің жағалауын бекіту және абаттандыру жобасы қолға алынды, – дейді қала басшысы.

Жоба аясында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар төселіп, жарық шамдары, қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылады. Сонымен қатар, аумақты көгалдандыру және санитариялық тазалықты сақтау бағытында да нақты шаралар қабылданған. Қала қызметтеріне өзен жағалауындағы жасыл желекті сақтау, қоқысты уақтылы жинау және шығару бойынша нақты тапсырмалар жүктелдген.

«Таза Қазақстан» бастамасы халық арасында үлкен қолдауға ие болып,  азаматтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін көрсетті. Қазіргі таңда Жангелдин көшесінен Алпысбаев көшесіне дейінгі 3,5 шақырымдық аумақта жағалауды инженерлік тұрғыда бекіту, инфрақұрылымды дамыту және жасыл аймақтар құру жұмыстары жалғасуда. Бұл жобаның басты мақсаты – табиғи нысанды эрозиядан қорғау және қала тұрғындары үшін жайлы, қауіпсіз демалыс кеңістігін қалыптастыру.

Бозарық пен Азат шағын аудандарында жаңа спорт кешенін салу жоспарлануда
«Қазақстанның үздік тауары – 2025» байқауының өңірлік кезеңі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу