Мектеп оқушылары жазғы демалыстарын қала сыртындағы лагерлерде өткізуде

Oinet.kz 23-07-2025 63

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында, биыл Шымкент қаласы бойынша 9693 оқушын қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерьлерімен қамту жоспарланған. 

1000394935.jpg

Шымкент қалалық білім басқармасы берген мәлімет бойынша бүгінгі таңда Қазіргі таңда 3131 бала жазғы сауықтыру орындарында демалған. Қалған оқушыларды лагерьлерге кезең-кезеңімен қабылдау жұмыстары жалғасуда.

Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәз Сүлейменованың айтуынша, балалар демалысы Бекзат Саттарханов атындағы, «Машат-Арасан», «Қарлығаш», «Үш бұлақ», «Таң-Шолпан», «Көктөбе» және «Айсанар» секілді лагерлерде өткізуде.

– Балалар үшін жазғы демалыстың орны қандай ерек екені баршамызға мәлім. Ал осы демалысты пайдалы әрі қызықты етіп өткізу – жазғы сауықтыру лагерінің басшылығына жан-жақты түсіндірілген. Лагерлердегі балалар күніне бес рет тамақтанады. Санитарлық талаптар сақталған. Жазғы демалыс кезеңінде балалар тек тынығып қана қоймай, түрлі танымдық тренингтер мен қызықты ойындар арқылы жаңа дағдыларды меңгеріп, командалық жұмысқа бейімделеді. Демалысты ұйымдастыру барысында балалардың қауіпсіздігіне, сапалы тамақтануына, медициналық қызметпен қамтылуына және бос уақытын мазмұнды өткізуіне ерекше назар аударылған. Аталған шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтуға, олардың шығармашылық және тұлғалық дамуына ықпал етіп, жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындалуына септігін тигізеді, – дейді білім басқармасының басшысы.

Бұдан бөлек, Көлкент ауылындағы «Ақсу» демалыс-сауықтыру лагері 5 маусымнан бастап балаларды қабылдауда. Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты бұл лагерде жаз айында 1200 балдырған демалады деп жоспарланған. Бір маусымда 200 баладан қабылдайды. Жалпы Шымкент қалалық білім бөлімі биыл әлеуметік тұрмыстары төмен, жетім және жартылай жетім 4,5 мың бүлдіршінді жаз айында лагерлерге тегін жібереді. Қалаға жаңа елдімекендердің қосылуына байланысты демалатын бала саны биыл көп болып тұр екен. Сондай-ақ қала ішіндегі оқушылар сарайының жанындағы «Балдаурен» лагері 600 баланы тегін қабылдайды. Онда келген балалар түрлі үйірмелерге қатысады, тарихи орындарға саяхат жасайды.

«Қазіргі таңда біз «Үшбұлақ» лагерінде демалып жатырмыз. Мұндағы күндеріміз өте қызықты өтуде. Таңғы және кешкі іс-шараларға белсене, қуана қатысамыз. Біз мұнда түрлі жүлделі ойындарға қатысып, жүлделі сыйлықтарды жеңіп алудамыз. Бізге осындай көңілді күндер тарту еткендеіңізге үлкен алғысымызды білдіреміз», - дейді №4 балалар үйінің тәрбеленушісі Милана Трошина.

«Қазақстанның үздік тауары – 2025» байқауының өңірлік кезеңі өтті
Шымкент қаласында үкіметтік емес ұйым өкілдері бас қосып, келелі жиын өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу