Шымкент қаласында «Қазақстан халқына» қоры жұмысы БАҚ өкілдеріне таныстырылды
Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жариланғандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы құрылған «Қазақстан халқына» қоры Шымкент қаласының тұрғындарына 12,1 миллиард теңгені құрайын қайырымдылық көмек көрсеткен.
Ол туралы ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры аясында белгілі болды.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Заңғарбек Үсіпахметовтың айтуынша, Ұлттық қайырымдылықтың IV конференциясы аясында Қордың қолдауымен жүзеге асырылған маңызды нысандарды таныстыру мақсатында Шымкент қаласында баспасөз туры өтті. Іс-шара қордың үш жылдық жұмысын қорытындылау және жүйелі қайырымдылық бастамаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Оған республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер мен қоғам белсенділері қатысты. Олар баспасөз туры барысында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ашылған және жүзеге асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, ондағы жұмыс барысымен жақынырақ танысты.
Сол нысанның бірі – Ерте араласу орталығы. Бұл орталық дамуында кідірісі бар балаларды ерте кезеңнен қолдауға бағытталған.
– Президентіміздің бастамасымен қолға алынған қор өңірде табысты жұмыс істеуде. Оған баспасөз туры барысында да көз жете түсті. Сонымен 2022 жылдан бері «Қазақстан халқына» қоры Шымкент қаласында жалпы сомасы 12,1 миллиард теңгеге қайырымдылық көмек көрсеткен. Бүгінгі баспасөз туры аясында осы қаржы шеңберінде жүзеге асқан жобалардың нақты нәтижесі таныстырылды. Бұл тур барысында бұқаралық ақпарат құралдары көптеген нысан жұмысын көріп қана қоймай, онда жүзеге асырылған мемлекеттік жобалардың да барысын көрді. Мәселен, «Көмекші мектеп-интернат» комуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Тұсау кесер» жобасы аясында ашылған спорт залдарындағы жұмыс та көпшілікті таңдандырмай қоймады. Бұл жобалар инклюзивті білім беру мен ерекше балалардың дене дамуына жағдай жасауға бағытталған, – дейді баспасөз турының ұйымдастырушылары.
Баспасөз туры барысында қатысушылар «QH Оңалту орталықтары» қайырымдылық бағдарламасы аясында ашылған оңалту орталығына барды. Бұл мекеме ерекше қажеттілігі бар балаларға кешенді оңалту қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар, «Қамқорлық» №8 балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының базасында жұмыс істеп тұрған Аутизм орталығының қызметімен танысуға мүмкіндік болды. Орталық аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсетеді. Сондай-ақ TEN QOGAM әлеуметтік қолдау орталығында да болды. Мұнда қордың «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында мамандар балалардың үйіне барып, арнайы оңалту бағдарламаларын ұсынады. Делегеция қатысушылары баспасөз туры барысында мол ақпарат алып, атқарылған жұмысқа оң баға берді.