Шымкент қаласында өтетін турнирге 25 мемлекеттен 650 спортшы қатысады

Oinet.kz 23-07-2025 64

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жарияланғандай, Шымкент қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, тамыздың 16-30 күндері стенд және нысана ату спорт түрлерінен өтетін Азия чемпионаты25 мемлекеттен 650 спортшы қатысады.

1000394940.jpg

Шымкент қаласында да соңғы жылдары ұлттық спорт ойындары, халықаралық бәсекелер мен Азия және әлем чемпионаттары жоғары деңгейде өткізілуде. Мәселен, былтыр қаладағы жаңа ипподромда «Теңге ілу» ұлттық спорт түрінен II Азия Кубогы ұйымдастырылып, өткізілсе, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында ұйымдастырылған халықаралық жарыста Қазақстан, Қырғыз, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолиядан және еліміздің өзге өңірлерінен келген спортшылар теңге ілудің 3 стилі бойынша бақ сынады.

Ал биыл теңге ілуден сәуірде Азия Кубогы Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен үшінші рет ұйымдастырылды. Өткен айында жаңа ипподромда теңге ілуден тұңғыш әлем чемпионаты өтті. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, Шымкент қаласының әкімдігі мен AlemAgro компаниясының қолдауымен өткен жарыста Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Ресей, Үндістан елдерінің спортшылары сайыс көрігін қыздырды.  «Жеті құт», «Бес белес», «Қос құлаш» стильдері бойынша үздіктер анықталды. Шаһарда бұған дейін Азия кубогы ұйымдастырылса, әлем чемпионатын өткізу де үшінші мегаполиске сеніп тапсырылды. Халықаралық жарыстардың тұрақты түрде өтуі теңге ілу спортының халықаралық дәрежеде дамуына септігін тигізуде. Бұдан бөлек, жаңа ипподромда ұлттық спорт түрлері бойынша ірі жарыстар, «Наурызнама» онкүндігі де жоспарлы өткізіліп отыр.

Өткен жылдың шілдесінен осы жылдың шілдесі аралығында Шымкент  қаласында 359 өңірлік, республикалық және халықаралық спорттық іс-шара өтіп, оған 75528 адам қатысыпты. Соның ішінде биыл дәстүрлі садақ атудан «ZHAKSYKUL MERGEN CUP» Азия Кубогы бәсекесі жалауын желбіретіп, оған Қырғыз, Ресей, Монғолия, Қытай, Өзбекстан мемлекеттерінен 100 спортшы қатысқан. Ол бәсекеде Шымкент қаласының спортшылары қола медалін қанағат тұтқан еді. Одан кейін Наурызда Шымкент қаласы бәйгеден Қазақстан Республикасы Чемпионатының іріктеу турнирін қабылдады. Аталған іс-шара «Наурызнама» 10 күндігі аясында ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында өткізілді. Сайысты 3000-ға жуық адам келіп тамашалады. Одан басқа, қыз қуу, теңге ілу, көкпар, аударыспақ спорт түрлерінен жарыстар қала тұрғындарына керемет әсер сыйлады. Бұдан кейін сәуір айында таэквондо ИТФ спорт түрінен Азия Кубогына жалпы 7 мемлекеттен 850-ге жуық спортшы қатысып, Шымкент қаласының өкілдері 7 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек, спорттың басқа түрлерінен де ойындар өтіп, Шымкент қаласының командасы жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Алдағы екінші жартыжылдығына  да қалада бірқатар ірі спорттық жарыстар жоспарланып отыр. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, тамыздың 16-30 күндері стенд және нысана ату спорт түрлерінен Азия чемпионаты өтпек. Аталған жарысты Қазығұрт елді мекенінде орналасқан «Shymkent Shooting Plaza» ату кешені қабылдайды. Құрлық чемпионатына 40 елдің өкілдерінен мыңға жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Кешегі күнгі мәлімет бойынша 25 мемлекеттен 650 спортшының қатысатыны туралы тапсырыс берілген.

Шымкент қаласында шағын аудан жастары сенбілікке шығып, азаматтықтарын білдірді
Шымкент қаласында «Эко Шина» ЖШС қайта өңдеу өндірісін жолға қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу