Шымкентте әлеуметтік маңызы бар сиыр етінің келісі сауда нүктелерінде 2590 теңгеден өткерілуде

Oinet.kz 05-08-2025 7

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы сайтында жазылғандай, шаһарда әлеуметтік ет өнімдерінің бағасы бекітілген межеден асқан жоқ. 

Screenshot_25.jpg

Әсіресе Шымкент қаласында халық көп тұтынатын әлеуметтік маңызы бар сиыр етінің бағасы тұрақты.

Әлеуметтік ет бағасының қымбаттағаны туралы, соның ішінде сиыр етінің жоғарылағаны туралы бұқаралық ақпарат құралдары бетінде хабар тараған болатын. Осы ақпаратқа сәйкес Шымкент қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекамбаев бағаны бақылау, тұрақтандыру бойынша бұқаралық ақпарат өқралдары өкілдеріне атқарылған жұмыс барысын баяндап, «Qazet», «Магнум» сауда желілеріндегі бағаны бірге бақылады. Аталған сауда желілерінде сиыр еті белгіленген бағада өткерілуде.  

Сондай-ақ шаһарда бірінші қажетті азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар кәсіпкерлік нысандары, сауда желілері, үй маңындағы дүкендер, жергілікті тауар өндірушілермен келісімдер жасалған. 

– Аталған сауда нүктелерінде сиыр еті бекітілген әлеуметтік бағада, яғни 1 келісі – 2590 теңгеден өткерілуде. Сонымен қатар, «Қасқасу-S» және «Бәйтерек» шаруа қожалықтарымен жасалған келісім шарт негізінде сауда нүктелерне сиыр етінің 1 килограмы 2620 теңгеден жеткізілуде. Қазіргі таңда Шымкент қаласында бірінші қажетті азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар кәсіпкерлік субъектілерімен, ірі сауда желілерімен, үй жанындағы дүкендермен және жергілікті тауар өндірушілермен өзара келісімдер жасалып отыр. Бүгінде қала бойынша 60-қа жуық сауда нүктесінде сиыр етін әлеуметтік бекітілген бағамен сатып алуға мүмкіндік бар. Шымкент қаласы әкімдігі азық-түлік қауіпсіздігі мен бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады, – дейді қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Талғат Мекамбаев.

Мамандардың айтуынша, сиыр етінің негізгі бөлігі Түркістан облысынан, оның ішінде етті мал шаруашылығымен айналысатын жетекші елді мекендердің бірі – Қарабұлақ ауылынан жеткізіледі. Жем-шөп, астық және құрама жем бағасының өсуі еттің өзіндік құнына әсер еткенімен, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін «айналым схемасы» арқылы тұрақтандыру шаралары жүргізілуде.

Сонымен Шымкент қаласында бағаны тұрақтандыру бағытында «айналмалы схема» тетігі бойынша «Magnum» және «Gramad» сауда желілерімен келісім-шарттар жасалып, сиыр еті бір келіге 2590 теңгеден белгіленген бағамен өткерілуде. 

Шымкент қаласында биыл 770 жұмыссыз азаматты кәсіптік оқыту жоспарлануда
Шымкент қаласындағы Қошқарата өзен бойы акция аясында тазаланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу