Конституциялық патриотизмнің көкжиегі

Oinet.kz 07-08-2025 8

Айбыны асқақ Ата заң - ел тұрғындарының бойында патриоттық сезімді қалыптастыратын  басты құндылықтарымыздың бірі. 

Screenshot_30.jpgқ

Сондықтан, бұл бағыттағы патриоттық шаралардың маңызы зор.  Конституцияның   30 жылдығына орай Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен «Ата Заңым – Айбарым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ол іс-шараға Шымкент қаласының прокуратурасы басқармасының прокуроры Берік Құрбанов және Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Асқар Мырзахмет және қала жастары қатысты. 

Ата Заңымыз – Конституция күні әр адамның, ел азаматының өмірінде ерекше маңызға ие. Өйткені азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылығы деп жарияланған Конституция мемлекеттің табысты дамуының негізі болып табылады. Заң қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуының кепілі. Дөңгелек үстелдің ашылуында осылай деген Шымкент қаласының прокуратурасы басқармасының прокуроры Берік Құрбанов жастармен кездесу барысында Ата Заңымыз туралы кеңінен айтып берді. «Бүгінде Қазақстан Республикасы өзінің тарихи дамуының жаңа сатысына көтерілуде. Соған сай еліміздегі қоғамдық сана да өзгеріс үстінде. Әрбіріміздің санамыздағы өзгермейтін сенім мен мақсат бұл – Қазақстанның Тәуелсіздігін сақтау болса керек» деп атап өтті ол өз сөзінде.

Ал Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Асқар Мырзахмет ел Конституциясы барлық тең құқықтар мен мүмкіндіктер береді, бірақ азаматтар жауапкершілікті, адал орындалуы тиіс міндеттерді ұмытпауы керек екенін атап өтті. «Заң үстемдігінің, адам құқықтарының сақталуының, әрбір қазақстандықтың жауапкершілікті, елдегі бейбітшілік пен келісімді дұрыс түсінуінің арқасында ғана біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдыға қойылған барлық міндеттерін жүзеге асыра аламыз, «Жаңа Қазақстанды» құра аламыз. Олай болса қолданыстағы заңдарды білу, сақтау еліміздің азаматтарының басты борышы, құқықтық міндеті. Солай еткенде ғана азаматтардың бүгінгі құқығын қорғап, ертеңгі күнге деген сенімін жоғалтпай өркениетті ел боламыз» деді ол. 

Кездесу барысында сала мамандары Конституцияның мазмұны мен құрылымына, оның құқықтық мемлекет құрудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөліне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, заңнаманы білудің қоғам тұрақтылығы мен азаматтық жауапкершілікті арттырудағы маңыздылығы атап өтілді. Іс-шара еркін пікір алмасу форматында өтті. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, құқық қорғау саласы өкілдері өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

Мәдени шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталады
Ұлттық нақыштағы әйелдер киімі байқауы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу