Жаңарған тарихи-мәдени нысандарда 3 тілде аудиогид жұмыс істейді

Oinet.kz 12-08-2025 11

Шымкент қаласы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан, көркем табиғат, ұлттық салт-дәстүр мен мәдени құндылықтар үйлесім тапқан көне қала. Қаланың тарихы екі мың жылдан астам уақытты қамтиды. 

Screenshot_9.jpg

Тарихшылардың болжамы бойынша 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енген қасиетті орындарға бай шаһар.  Солардың ішінде шаһарда республикалық маңызға ие 2 тарихи-мәдени нысан орналасқан. 

Еліміздің және әлемнің түкпір-түкпірінен келетін әрбір саяхатшы Ұлы Жібек жолы бойындағы сакралды ескерткіштер «Ибрагим ата» мен «Қарашаш ана» кесенелері соқпай кетпейді. Ибраһим ата кесенесі Сайрамның солтүстік-батысындағы биік төбеде орналасқан. Ол атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, діни көсем, өңірге танымал уағызшы болған. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ондағы шырақшылардың мәліметінше, 50-жылдары күмбез құлағаннан кейін кесене төбесі ақ жапырақты қаңалтырмен қапталып, ортасына сүйір ұшты мұнара орнатылды. Кесененің солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде терең емес сүйір ұшты текшелері бар порталдар бар. Тарихи нысан жолдың бойындағы төбеде тұрғандықтан залал тиген. Сондықтан 90-жылдары кесене негізін топырақ қатпарымен бекітуге қаржы бөлінген, жол 20 метрге ауыстырылған. Ал Қарашаш ана – Сайрамдағы танымал Мұса шейхының қызы болған. ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамығандықтан, ол өз заманындағы ең білімді, сауатты және көрегенді әйелдерінің бірі болды. Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында қайта қалпына келтірілген. Ол 27 х 27 х 5 см мөлшерлі төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған кесене екі ғасыр ширегінде бұзылмаған. Ағаштан ойылған ою-өрнек те шірімеген. Елімізде тарихы нысандарды сақтау мен қорғау мемлекеттің назарында. 

Былтыр осы тарихи-мәдени нысандарымыз «Ибрагим ата» мен «Қарашаш ана» кесенелерінде абаттандыру жұмыстары қолға алынып, ретке келтірілді. Туристердің назарын аударып, келушілердің санын артқан қалада бұл бағыттағы жұмыстар жоспар бойынша жүзеге асуда. Атап айтқанда, «Ибрагим ата» кесенесінде демеушілердің көмегімен ескі орындықтар жаңартылып, жаңа навигациялық туристік тақтайша орнатылды. «Қарашаш ана» кесенесі аумағында санитариялық-гигиеналық торап салынып, қосымша жаңа навигациялық туристік тақтайша, жаңа орындықтар және жарық шамдары орнатылды. Жаңадан орнатылған ақпараттық тақтайшалар халықаралық үлгіде әзірленген. Қасиетті орынға келушілер үшін нысан жайлы 3 тілде аудиогид орналастырылған. Сондай-ақ мүгедек жандарға арналған тактильді алфавитті нысан анықтамасы жұмыс істеп тұр. 

Орталықта ұлттық қолөнерге деген жастардың қызығушылығы артуда
Жәдігерлердің де тарихтан айтары бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу