Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу

Oinet.kz 13-08-2025 11

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетін жандандыру бойынша тапсырма берген болатын. 

Screenshot_11.jpg

«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Мысалы, көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Бөріхан Нұрмұхамедов, Айдос Сарым, Данияр Әшімбаев бастаған құрылтай мүшелері осындай бастама көтерді. Мен олардың Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысын қолдаймын. Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет. Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу қажет. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу» деген-ді. Президент тапсырмасы аясында Шымкент қаласында аталған жоба қолдау тауып отыр. 

 Атап айтар болсақ, Шымкентте қалалық «Жастар ресурстық орталығы» жастарды кітап оқуға ынталандыру мақсатында «Сенің ортаң» жобасын қолға алған болатын. Бұл жоба бүгінде қала жастары тарапынан үлкен қолдау табуда. Осы жоба аясында шымкенттік жастар әр кездесуде танымал шығармаларды талқылайды. Бұған дейінгі жастардың бас қосуында  Дулат Исабековтің «Сүйекші», Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» және басқа да жергілікті жазушылардың бірқатар шығармалары талқыланған болатын. 

– Бүгінгі күні Шымкент қаласында Президентіміздің ұсынған кітап оқу акциясы жастар тарапынан қызу жалғасуда. Президент ұлттың жаңа болмысы мен сапасын айқындайтын басты қағидаттарды да ұсынды, ол – біріншіден, ХХІ ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн. Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Үшіншіден, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс. Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік – әсіресе ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет. Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Осы қасиеттерді бойына берік ұстанған ұрпақтың жаһанданудың жетегінде кетпей, ұлттық кодымызды сақтап қалары хақ. Президент тапсырғандай, шымқалада жүзеге асырылып келе жатқан «Сенің ортаң» жобасы қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын кеңірек танытады және әдеби талқылаулар арқылы қоғамда мәдени диалогты дамытады. Бұл арқылы оқырмандардың мәдени білімін арттыруды мақсат етіп отырмыз. Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын оқыту, оны дәріптеу, насихаттауға бағытталған іс-шараны ай сайын тұрақты өткізіліп келеді, - дейді «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Марат Спатаев.  

Ай сайын өткізілген іс-шара аясында кітапсүйер жастар өздері оқыған шығармалар туралы пікірлері мен ұсыныстары тыңдалад, сұрақ-жауап арқылы талқыланды. Бір жылдан бері жалғасып келе жатқан жобаға қала жастары белсене қатысып келеді

Жәдігерлердің де тарихтан айтары бар
Шымкент қаласындағы ескерткіштер ұлт тарихы мен өткенінен сыр шертеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу