Шымкент қаласында 8 отбасы баспаналы болды

Oinet.kz 18-08-2025 9

Шымкент қаласында Конституция күні қарсаңында 8 отбасы баспаналы болды. Ол іс-шараға қала әкімі Ғабит  Сыздықбеков арнайы қатысып, пәтер кілттерін табыстады. 

Screenshot_28.jpg

Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – баспана мәселесін барынша шешу. Халықты тұрғын үймен қамту саясаты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде Шымкент қаласында тұрғын үйлер салу бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Оның үстіне Шымкент қаласы да жыл санап қайта жанданып, тұрғындар саны артып келеді. Осы орайда, тұрғын үй кезегіне де сұраныстың артып отырғаны белгілі.

Қала әкімінің айтуынша, Шымкентте Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы жалғасуда. Тұжырымдама аясында 66 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды. Тұрғындар тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшірілуде.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, Президент баспана мәселесі нарықтағы ахуалға байланысты екенін айта келе, тұрғын үй саясатын мұқият қарау керегін тапсырған болатын. «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Маған азаматтардан күн сайын жүздеген өтініш келеді. Оның ішінде, қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді сұраған хаттар өте көп. Бұл түйткіл мемлекет тарапынан мүмкіндігінше шешіліп жатыр. Тағы да қайталап айтамын, мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді. Тұрғын үй саясаты нарықтағы ахуалға тығыз байланысты. Сондықтан біз осы саладағы саясатымызды қайта қарап, оның мейлінше әділ әрі икемді болуын қамтамасыз етуіміз керек», – деп Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей Шымкент қаласында қала тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамту жобасы жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

– Қарапайым халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы міндеттеген нақты тапсырманың бірі. Осы орайда шымкенттік 8 отбасы Конституция күні мерекесі қарсаңында баспаналы болды. Қаланың бас жоспарында көпқабатты тұрғын үйлермен қатар өзге де  әлеуметтік маңызы бар. Жоба аясында нысандарды кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сонымен қатар аталған елдімекенді кешенді түрде абаттандыру қарастырылған, – деп атап өтті қала әкімі.

Сөйтіп қала әкімі Ғабит  Сыздықбеков  Конституция күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесі 3  мекен жайдағы апатты үйде тұратын тағы 8 отбасына жаңа пәтер кілттерін табыстады. Тұрғындарды қуанышымен құттықтап, аталған бағдарламаның мегаполисті дамытуда, халықтың өмір сапасын арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.

Мерейлі сәтте шад-шадыман күй кешіп, пәтерге ие болған тұрғындардың атынан сөйлеген ардагер, мемлекет саясатын іске асыруда қолдау көрсеткені үшін қала басшылығына алғысын білдірді. Жаңа тұрғын үйдің лентасы салтанатты жағдайда кесілді.

Табиғатты қорғау – әр азаматтың міндеті
Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу