Әділ Ахметов: «Шымкент – ең қонақжай қала»

Oinet.kz 10-10-2025 29

Қазақ халқының рухани құндылықтарын дамыту, ел тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, ұрпақ санасына сіңіру қай заманның да ең маңызды міндеттерінің бірі екендігі сөзсіз.

5. Әділ Ахметов. «Шымкент – ең қонақжай қала».jpg

Бұл бағытта театр өнерінің алар орнын ешкім аласарта алмайды. Себебі, театр – тек мәдениет ордасы ғана емес, ол ұлт руханиятының терең тамырынан нәр алып, халықтың болмысын жаңғыртатын киелі кеңістік.

Шымкент қаласына іс-сапармен келген кезінде Астана әкімдігінің «Жастар театының» беделді актері Әділ Ахметовпен театрдың ұлттың салт-дәстүрін сақтау жолындағы орны, Шымкент мәдениетің хал-жайы туралы әңгімелескен едік. Актер Шымкенттің мәдениетсүйер көрерменінің қонақжайлығы алдыңғы қатарда екенін атап өтті: 

– Шымкентке әр келген сайын қаланың тез қарқынмен көрейіп, өнер жанашырларының көбейгенін, театр көрермені санының артқанын байқап отырамыз. Әрине, Қазақстанның қай қаласының да өзіне тән ерекшелігі бар. Дегенмен сол әр өңірге іс-сапармен барған кезімізде бізге жиі қойылатын сұрақтардың бірі: «Қай қала қонақжай?» деген сұрақ. Сонда театр ұжымындағы қыз-жігіттермен пікірталасып отырып, «Ең қонақжай қала» тізімінің алғашқысына осы Шымкентті қойғанбыз. Екінші орын – Ақтау. Жалпы барлық өңір өзіне тән ерекшелігімен қарсы алады ғой. Бірақ Шымкент қаласы тұрғындарының, соның ішінде театр көрермендерінің ықыласы бөлек. Ол көзге ұрып тұрады. Тіпті, Шымкентке келген кезде көрермен махаббатына бөленуден басқаға уақыт таппай қаламыз.

Ал, бүгінгі спектакльге келсек, «Жанарымдағы жалғыз әуен» – әуенге табыну қойылымы. Мұнда қазақтың да, шетелдің де ең әдемі, ең әуезді әндері шырқалады. Қойылымға театрымыздың актерлері түгел қатысады. Олардың құлақ құрышын қандырып әуелете ән шырқағанына, түрлі аспапта ойнағанына куә боласыздар, – деді Әділ Ахметов. 

Сонымен қатар, актер театрдің қазақ халқының рухани әлемінің айнасы, ұлттық болмысының тірегі екенін, ол елдің мәдени жадын сақтап қана қоймай, ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке және рухани биіктікке жетелейтінін де айтты. Демек, театр – өмір сүруін тоқтатпайтын өнер болса, демек рухани құндылықтар да мәңгілік өмір сүреді.

Сезім МЕРГЕНБАЙ

Ернар Жұматаев: «Шымкент қаласының өнерге деген құрметі бөлек»
Елдос Шайкенов: «Біздің театр үнемі Шымкентке асығып отырады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу