Шымкентте пара алды деп айыпталған экс-басшының ісі қаралуда

Oinet.kz 05-02-2026

Шымкент қалалық соты қалалық обаға қарсы күрес станциясының бұрынғы басшысы Ералқасын Түктібайға қатысты қылмыстық істі қарауды бастады деп жазады Оinet.kz. 

image.png

Bes.media-ның жазуынша оған Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша лауазымын пайдаланып ірі көлемде пара алу айыбы тағылған.

Тергеу болжамына сәйкес, экс-басшы еңбек шарттарын ұзарту үшін қызметкерлерден бірнеше рет заңсыз ақша алған. Іс бойынша тағы екі адам — Зубайра Бекжанова мен Ботакөз Шаймерденова парақорлыққа делдал болды деп айыпталып отыр.

Сот отырысы ашық режимде өтеді, күдіктілер қамауға алынбаған, оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу қолхаттары алынды.

Судья істі тоқтатуға ешқандай негіз жоқ деп тапты.

Еске салсақ, 2024 жылы осы станцияның директоры мен бас есепшісі пара алу және бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотталған болатын.

«Дамудың бірден-бір жолы – ғылым» (Қасым-Жомарт Тоқаев)
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу