Сауранда жылдық қуаттылығы 2 мың тонна болатын макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорын ашу жоспарлануд

Oinet.kz 09-08-2026

«Ауыл аманаты» жобасы аясында тұрғындардың кәсіп бастауына қолдау көрсетілуде. Биылдың өзінде Сауран ауданында ондаған отбасы осы жоба арқылы өз кәсібін дамытып, жұмысын жолға қойып отыр.

Жалпы Түркістан облысында 2023-2025 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген 30,2 миллиард теңге есебінен 4223 жоба қаржыландырылған. Соның нәтижесінде 4635 жаңа жұмыс орны құрылып, 593 жылыжай салынған, 76,8 мыңнан астам ауыл шаруашылығы малы сатып алынған, 79 қайта өңдеу кәсіпорны іске қосылған. Сонымен қатар 441 азамат атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан шығып, жобалар есебінен облыста жыл сайын шамамен 80 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілуде.

Ал биыл жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 15,3 миллиард теңге қарастырылған. Оның алғашқы 7 миллиард теңгелік траншы толық игеріліп, 583 жоба қаржыландырылған. Нәтижесінде 1234 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бағдарлама аясында Отбасылық цифрлық картаның «D» және «E» санатындағы азаматтарды қолдауға басымдық беріліп, жеңілдетілген несиелер ең алдымен осы санаттағы тұрғындарға бағытталуда.

Облыс әкімдігінің деректеріне сүйенер болсақ, жалпы 2023-2025 жылдары жобаны жүзеге асыру мақсатында жоғарыда айтқанымыздай республикалық бюджеттен 30,2 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде 2023 жылы 19,8 миллиард теңге, 2024 жылы 3 миллиард теңге және 2025 жылы 7,4 миллиард теңге толық игерілген. Алты бағыт бойынша 4223 жоба несиемен қамтылған. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығы саласында – 597 жоба, мал шаруашылығында – 3155 жоба, құс шаруашылығы бағытында – 22 жоба, балық шаруашылығында – 53 жоба жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы кооперативтерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша – 150 жоба, тұрғындардың өз кәсібін ашуына бағытталған – 279 жоба іске асырылған.

Облыс көлемінде жалпы саны 593 жылыжай кешені салынған. Шағын кәсіпкерлік 4223 бірлікке еселеніп, 4635 жаңа жұмыс орны құрылған. Сонымен қатар 79 қайта өңдеу кәсіпорны өз жұмысын бастап кетті. Оған қоса мал басы 76887-ге ұлғайды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 441 адамға азайды.

Ал биыл республикалық бюджеттен бөлінген 15,3 миллиард теңге 1115 жобаны қаржыландыру көзделіп отыр. Жобаны іске асыру аясында 1400 жаңа жұмыс орны  құрылмақ. Бүгінгі күні несие келісімі бойынша 7 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде 2,5 миллиард теңге басым бағыттар бойынша қаржыландырылады, сондай-ақ, 73 ауылдық округ пен 78 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылмақ. Бұл жобаға Сауран ауданы да қатысуда. Алда Сауран ауданында жылдық қуаттылығы 2 мың тонна болатын макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорын ашу көзделген.

Сауран ауданы: Мал бордақылау алаңының жұмысы жалғасуда
Сауран ауданы: «Ауыл аманаты» – табысты кәсіптің тірегі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу