Сауран ауданы: «Ауыл аманаты» – табысты кәсіптің тірегі

Oinet.kz 09-08-2026

Сауран ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында тұрғындардың кәсіп бастауына қолдау көрсетілуде. Биылдың өзінде ондаған тұрғын осы жоба арқылы өз кәсібін дамытып, жұмысын жолға қойып отыр.

Солардың бірі – Оранғай ауылдық округінің тұрғыны Шомансур Мажитов. Ол өз ойын жүзеге асыру үшін «Ауыл аманаты» жобасы аясында 5 миллион теңге несие алып, жылыжай кәсібін дамытуда.

– «Ауыл аманаты» жобасына қатысу, қажетті құжаттар тізімі және өтінім беру тәртібі туралы толық ақпаратты Сауран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарынан білдім. Сөйтіп жылыжай ашу ниетімнің барын айтып, құжат жинап, өтініш бердім. Енді міне, үй іргесінен жылыжай салып, көкөніс өсірумен айналысудамын, – дейді ол.

          Шаруаның айтуынша, тәуекел етіп тірлікке ниет танытсаң болғаны. Қалың орта іздеп, қала кезіп қоныс аудармай-ақ, тұрғылықты жерден табысыңды айырып, іс жасауға болады. Тек ебін таба білсең болғаны. Кәсіп қайда да кәсіп. Мұны Оранғай ауылдық округінің тұрғыны Шомансур Мажитов бүгінде өз ісімен дәлелдеп отыр. Ол атақонысы болған ауылдан көшпек емес. Керісінше, бота тірсек балалығы өткен топырақтың түрленуіне тамшыдай болса да үлес қоспақ ниетте.

Атап өтерлігі, ауылдағы «Қосқорған» орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаратын кәсіпкер жылыжай шаруашылығымен қатар жүгері егуді де қолға алған.

        – Жылыжайдың көлемі шағын. Дегенмен кәсіпті бастағанда істің бастамасы ретінде ерте өнім беретін көкөністердің көшетін қолға алдым. Көшеттің өзін осында дайындадым. Алғашында болгар бұрышын өсірдім. Бүгінде қиярға көштім. Қиярды сабағынан үзу мерзімі бір жарым айға жуықтайды. Екі-үш күнде өнім жинаймын. Қазірдің өзінде ауылдағы ағайынға таратып та жатырмын. Алдағы уақытта қызанақты да қоса отырғызбақпын. Қажетті тыңайтқыштар мен топырақты жақын маңнан алдым. Негізінен тыңайтқыш ретінде әбден жиналған қордаланған мал қиын пайдаландым. Нәтижесі жақсы, – дейді Шомансур Мажитов.

        Істің көзін тапқан шаруаның алдағы жоспары да ауқымды. Алдымен осы шағын жылыжайды кеңейтіп, өнім көлемін арттыру. Сонымен қатар ауылдағы жастарды жұмыспен қамтып, оларға кәсіптің қыр-сырын үйрету.  

Бұдан бөлек Шомансур жоғарыда айтқандай жүгері өсірумен айналысады. Оны ертеңді кеш жылыжаймен бірге баптап, өнімін базарға шығарады.

Ал жылыжай салу, көкөніс егу беріде тәжірибелі мамандардың кеңесі мен пікірінен кейін қолға алған ісі екен.

        Өзге аймақтармен салыстырғанда Сауран ауданында жылыжай жұмысы соңғы жылдары жақсы дамып келеді. Жалпы бұл бағытта іс жасаймыз деген азаматтарға қолдау да бар. Кәсіпкер «ол үшін ден қойып, білек түре кіріскенде ғана нәтиже болады» дейді.

Бүгінгі таңда Шомансур Мажитов өнімін Түркістан және Кентау қалаларының базарларына өткізуде. Осылайша бастапқы қызығушылықтан туған іс бүгінде отбасылық кәсіпке айналып отыр.

Сауранда жылдық қуаттылығы 2 мың тонна болатын макарон өнімдерін шығаратын кәсіпорын ашу жоспарлануд
Сауран ауданы: «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу