Сауран ауданы: «Ауыл аманаты» – оңтайлы бағ¬дар¬лама

Oinet.kz 10-08-2026

«Ауыл аманаты»  жобасының 4-ші бағыты бойынша балық шаруашылығын дамыту Түркістан облысы әкімінің бақылауында тұрған мәселенің бірі. Бұл бағытта аудандарда арнайы жиындар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыс Сауран ауданында жақсы жолға қойылып келеді. Дегенмен, «Ауыл аманаты» жобасының IV «Балық шаруашылығын дамыту» бағыты бойынша аудан, қала әкімдіктерімен кәсіпкерлерге құжат тапсырту, жұмыстары төмен деңгейде жүргізіліп жатқандығын аймақ басшысы бірнеше ай бұрын өткен жиын барысында сынға алып, бұл бағытта жұмысты жандандыруды тапсырғаны белгілі.

Оған негіз жоқ емес. Өйткені Алда балық шаруашылығын аудандарда дамыту мен балық туризмін дамыту туралы ауқымды жобала бар. Атап айтқанда Түркістан облысында акватуризм мен заманауи балық шаруашылығын дамыту бойынша маңызды жобалар жүзеге асырылмақ. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров Шаға ауылдық округіне арнайы барып, инвестормен кездескен болатын. Ол кездесуде өңір басшысы кәсіпкерлерге жұмысты сапалы әрі уақтылы орындауды тапсырды. Қазіргі таңда Шаға жасанды көлі аймағы реттеліп, жаңа жобаны жүзеге асыру жұмысы басталып кеткен.  

Атап өтерлігі Түркістан облысындағы бұл жобалардың бастамашысы – «GOLD FISH TURKISTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Акватуризмді дамытуға арналған жобаның құны – 1,5 миллиард теңге, қуаттылығы маусымына – 100 000 адам. Жалпы аумағы – 8 гектар. Биыл жүзеге асатын жоба арқылы 25 адам жұмыспен қамту көзделген.  

Сонымен қатар заманауи балық шаруашылығы кластерін дамытуға бағытталған жобаға ӘКК үлесінен жер бөлініп отыр. Жобаның құны – 1 миллиард теңге. Жоба 2027 жылы толық іске қосылады деп күтілуде. Толығымен іске қосылған жағадайда жылына 300-400 тонна балық өндіруді көздеп отыр. Бұл жерде 20 адамға жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланған. Жобалар іске қосылғаннан кейін бұл аймақ балық шаруашылығы мен туристік орталыққа айналады. Сонымен бірге мұнда қонақ үйлер салынып, жағажай туризмі де дамиды деп көзделіп отыр.

Қарап отырсақ, «Ауыл аманаты» жобасымен қатар ауданда балық шаруашылығын және акватуризмді дамыту көзделген. 

Бұдан бөлек, Сауран ауданының Үшқайық ауылдық округіне де «Ауыл аманаты» жобасы аясында балық шаруашылығын дамыту жұмыс жақсы қолға алынған. Мұнда алдыңғы жоба сияқты ауқымды жоба жоспарланбаса да шағын жасанды тоғандарда балық шаруашылығын дамытуға басымдық берілген. Округте атқарылып жатқан жұмыс барысымен облыс әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып, жаңадан іске қосылған балық шаруашылығы жобаларының жұмысымен танысты. Бүгінгі күні ауылдағы кәсіпкерлік бастамалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етуде.

Атап өтерлігі, бүгінгі таңда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша, ауданда екі ірі жоба жүзеге асырылған. Біріншісі – 1,2 гектар аумақта орналасқан балық өсіру кешені іске қосылып, алғашқы өнім алынған. Онда 2 миллион уылдырық салынып, 500 мың шабақ өсіру жоспарланған. Қазіргі таңда сазан балықтары Түркістан мен Кентау қалаларына өткерілуде. Екінші жобаға тоқталар болсақ, келесі кәсіпкер 3 тоған қазып, онда бекіре және сазан өсіруде. Бүгінгі күні тоғаннан ауланған балық өнімі нарыққа шығып та үлгерген. Алдағы уақытта жылына 20 тоннаға дейін балық өсіру көзделіп отыр. Екі жоба бойынша жалпы 5 тұрақты жұмыс орны ашылған.

Мақсат Таңғатаров өз кезегінде балық шаруашылығын дамыту – ауыл экономикасын әртараптандыруға, тұрғындардың табысын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды бағыт екенін атап өтті. Жобалардың тиімді жүзеге асуы өңірде балық шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, ауыл экономикасын әртараптандыруға нақты серпін беріп отыр. Сауран ауданы аумағында осындай өндірістік бағыттардың дамуы жергілікті тұрғындардың тұрақты табыс көзін қалыптастыруға және кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға ықпал етуде.

Сонымен қатар балық өнімдеріне деген ішкі нарықтағы сұраныстың артуы бұл саланың болашағы зор екенін көрсетеді. Жергілікті өндірістің жолға қойылуы арқылы тасымал шығындары азайып, өнімнің қолжетімділігі арта түседі. Бұл өз кезегінде өңірлік нарықта отандық өнімнің үлесін көбейтуге мүмкіндік береді. Балық шаруашылығы жобаларының дамуы экологиялық тұрғыдан да тиімді шешімдердің бірі болып саналады. Су ресурстарын ұтымды пайдалану, табиғи тепе-теңдікті сақтау және заманауи өсіру технологияларын енгізу арқылы тұрақты өндіріс циклі қалыптасуда. Мұндай тәсіл ұзақ мерзімді даму стратегиясымен үйлесіп отыр.

Алдағы уақытта ауданда осы бағыттағы инвестициялық жобаларды кеңейту жоспарланып отыр. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауылдық жерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін одан әрі күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, балық шаруашылығын дамытуда заманауи технологияларды енгізу маңызды рөл атқаруда. Су сапасын автоматты бақылау, жем беру жүйесін цифрландыру және инкубациялық процестерді жетілдіру арқылы өндірістің өнімділігі мен тиімділігі артуда. Бұл өнім сапасын тұрақты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, сала мамандарын даярлау және тәжірибесін арттыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Жергілікті тұрғындарды оқыту, аграрлық бағыттағы білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы кәсіби кадрлар қалыптасып келеді. Бұл балық шаруашылығының ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуына негіз болады.

– «Ауыл аманаты» – оңтайлы бағ­дар­лама, 2,5 пайызбен, бірінші жылға арналған жеңіл­дікпен және ауылдық жыл­жымайтын мүлік кепілімен қазірде бірде-бір қаржы ұйымы қарыз бермейді. Біз бұл бастаманы қолдауға, тиімді пайдалануға, нәтижелі іске асыруға дайынбыз. Себебі жергілікті ауыл шаруа­шылығы өнімдері – елімізді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етудің бір көр­сеткіші, – дейді саурандық жеке кәсіпкерлер.

Сауран ауданы: «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру
Сауран ауданы: Ауыл шаруашылығы бағытында басымдық мал өніміне берілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу