Бішкектегі митинг кезінде қанша адам зардап шеккені белгілі болды

Oinet.kz 03-03-2020 908

Митинг кезінде милиция мен наразылық білдірушілер таспен атысқан.

Бішкекте Садыр Жапаровты жақтаушылардың митингісінен кейін медициналық көмекке 22 адам жүгінді, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз орталығының мәліметінше, 3 бейбіт тұрғын және 19 тәртіп сақшысы медициналық көмекке жүгінген. 21 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қанағаттанарлық жағдайда амбулаториялық емдеуге жіберілді, - делінген хабарламада.

Бір милиция қызметкері бас миының шайқалуы, мойын омыртқасының сынуына байланысты Ұлттық госпиталдың нейротравма бөліміне жатқызылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық.

Кеше Бішкекте өткен митинг кезінде 166 қамауға алынған, оның 162-сі сұрақ-жауаптан соң босатылды. Олармен профилактикалық әңгіме өткізілді. Митингіге қатысқан төрт адам ұсталды.

Павлодар қаласының әкіміне сөгіс жарияланды
Көкшетауда үш әйел ер адамды тепкінің астына алған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу