Шымкентте жол апатынан 11 айлық бала көз жұмды

Oinet.kz 25-09-2020 1244

Шымкентте жеңіл автокөлік пен көп тонналы экскаватор cоқтығысып, салдарынан 11 айлық бала көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі  "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

image.png

Шетелдік машина жылдамдықпен экскаваторға барып соғылды. 11 айлық бала сол жерде көз жұмды, ал үш ересектің бірі кейін ауруханада қаза болды.

Бейнебақылау камераларындағы кадрларда арнайы техника жүргізушісінің жол жүру ережелерін елемей, қалай бұрылғанын көруге болады. Осы кезде оған көлік жылдамдықпен соқтығысады. Куәгерлер зардап шеккендерді қиындықпен алып шыққан. Қазір дәрігерлер тірі қалған екі адамның өмірі үшін күресіп жатыр.

- "Әйелге шұғыл түрде бауырдың жарылуы бойынша операция жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты ауыр. Қазір жан сақтау бөлімінде. Үшінші науқастың жағдайы тұрақты", - деді хирург-дәрігер Тимур Тұрғанбеков.

Балалар омбудсмені Аружан Саин министрге шүйлікті
Өткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу