Ресей АҚШ пен Еуроодақтың кезекті санкцияларынан 8-ге бөлініп кетуі мүмкін

Oinet.kz 06-03-2021

Ресейлік саясаткер  "Stop inform terror of Russia" қорының жетекшісі Герман Обухов үрейлі ақпарат таратты. Оның ойынша алдағы уақытта Ресей АҚШ пен Еуроодақтың кезекті экономикалық санкцияларынан ыдырап, 8 мемлекетке бөлініп кетуі мүмкін дейді. Мұны ресейлік саясаткердің өзі айтып отыр.

санкция.png

Obozrevatel TV арнасына берген сұқбатында ресейлік саясаткер мемлекеттің алдағы уақыттағы тағдырына үреймен қарайтынын айтып, Ресейді көпірдің үстінде тұр деп атап өтті.

- Дағыстанға бар, Шешенстанға бар, Ресейдің басқа да барлық өңірлеріне бар, бәрі де дағдарыста тұр. Елдің бюджеті ұрланып, тоналып, әлеуметтік ахуалы әбден қалжыраған. Осы жағдай Путиннің де тағдырын шешеді. Ресейді кешегі Кеңес өкіметінің тағдыры күтіп тұр, - деді ол.

Герман Обухов Ресейдің қазіргі саяси жүйесінің жұмысы 2025 жылға дейін ғана жалғасады, одан кейін не боларын айта алмаймын деп отыр. Саясаткер АҚШ-тың басшылығына келген қазіргі президент Джо Байденді Трамппен ешқашан салыстыра алмайды. Байденнің  Ресейге қарсы ұстанған саясаты анағұрым қатаң болатыны қазірдің өзінде көзге көрініп тұрғанын айтты.

АҚШ кеше ғана Германияны "Солтүстік ағын-2" жобасынан шығаруға көндіріп, әлемдегі 120-дай инженерлік мердігер компанияны жобаға қатысудан шеттетті. Бір жағынан Германия басшылығына Ресейге кері көзқарастағы адам келгені де АҚШ-қа тиімді болып отыр. Украинаны да газ желісінен шеттетті. Меніңше, орысқа түскен салмақты енді Еуразиялық одақтың ішіндегі Қазақстан мен Белорусь екіге бөліп өңгеретін жағдайда қалмаса болған.

Бір отбасында 4 адам қаза тапты
Соңғы тәулікте 802 адамнан коронавирус анықталды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×