Енді жоғары білімі жоқ адамдар да әкім бола алады

Oinet.kz 16-11-2021 700

Қазақстанда ауыл әкімі болу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар жеңілдетілуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жоғары білімі жоқ азаматтарға ауыл әкімі болуға рұқсат беру ұсынылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

- Кеңес мүшелері орта арнаулы білімі бар азаматтарға ауыл әкімі лауазымына өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік беретін норманы бекітуді ұсынды. Мұндай жаңашылдық жергілікті деңгейдегі сайлаудағы бәсекелестікті күшейтеді деп есептеймін. Әсіресе, ауылдарда халықтың сеніміне ие болған, бірақ білімі бойынша талапқа сай келмейтін білікті, тәжірибелі, белсенді адамдар көп, - дейді президент. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы ауыл әкімдігіне үміткерлер үшін үгіт-насихат науқаны кезеңін ұлғайту қажеттігін атап өтті. 

- Тәжірибе көрсеткендей, әкім лауазымына үміткерлер үшін, әсіресе өз-өзін ұсынғандар үшін үгіт-насихат кезеңін ұлғайту өзекті болып отыр. Мерзімге түзету енгізу және қаржыландыру кезінде сараланған тәсілді қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент халық аз қоныстанған елдімекендерде кандидаттар үшін-насихат жұмыстарын жүргізу үшін қаржы жеткілікті болуы мүмкін екенін, ал басқа аудандарда, мәселен, халық көп қоныстанатын оңтүстік өңірлерде бұл қаражат жеткіліксіз болуы мүмкін екенін атап өтті. 

Түркістан: Үкіметтік емес ұйымдар ел мүддесіне жұмыс істеуі тиіс
Ардагерлер мен жастар жарысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу