Шымкентте сайлауды ұлттық ұлан бастады

Oinet.kz 20-11-2022 480

Шымкенттегі №89 сайлау учаскесінде Президент сайлауы таңғы сағат 06:00-де басталды. Ұлттық ұланның офицерлер құрамы мен сарбаздары алғаш болып сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.

Screenshot_20221120-085236_Gallery.jpg

Айта кету керек, бүгін 6506 әскери бөлімінде сарбаздардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының президентінің сайлауына алғаш рет қатысып отыр.

– Мен Тараз қаласында туып-өстім. Отан алдындағы борышымды өтеу үшін әскер қатарына өткен жылдың көктемінде шақырылдым. Отанымыздың болашағына бей-жай қарай алмаймын. Алдағы уақытта елге қызмет етсем деймін. Мемлекеттің саяси өміріне белсенді араласу да елге қызмет етудің бір түрі деп білемін, – деді 6506 әскери бөлімінің сарбазы Сәтібек Мейрамбек.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нүркеш Сартбайдың айтуынша, бүгінгі сайлаумен 6 сарбаздың туған күні қатар келіп отыр. Оларға әскери бөлім басшылығы атынан азын-аулақ сыйлық әзіргенген.

Бұл әскери бөлімде орналасқан сайлау учаскесінде 815 сайлаушы тіркелген. Сарбаздар ала таңмен дауыс беріп тастап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кірісті.

"Шымкент келбеті"

Фото – Серік Қосаев

«Оңтүстік ұстаздар ұстаханасы» –ОҚМПУ
Шымкентте алғаш дауыс берген дауыс берушілерге сыйлықтар табысталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу