Жастар Шымкентке жалақының тым төмендігіне шағымдануда

Oinet.kz 02-02-2026 72

Шымкентте жұмыс іздеген жастар жалақының тым төмендігін айтып шағымдануда. Олар жұмыс беруші құл сияқты жұмсап, арзымайтын тиын-тебен төлегісі келеді деп мұңдарын шағуда деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

95a9d955-5921-44db-9807-9991ee5f8d1e.jpg

Threads әлеуметтік желісінде twwiksss деген аккаунт иесі бос вакансияларды қарап көргенін, ешқайсысы көңілген қонбағанын жазды. Ол хабарландырудағы жалақы мөлшерін масқара деп атады. Ал пікір жазғандардың көбісі мұнда еңбек нормасы сақталмайтынын айтуда. Және де кейбір дүкен, кафелерде айлық аламын деген жастарды қанап, оларға айыппұлдар салып, минусқа кіргізіп жібереді екен. Көптеген дүкен иелері жастарға күніне 12-16 сағат жұмыс істетіп, 5-ақ мың теңге ұсынады екен. Оған түскі ас пен қызметкерлерді үйіне жеткізіп салу қызметі кірмейді. 

Жастар Шымкентте жұмыс істеуден гөрі жұмыс іздеу қиын екендігін айтуда. Лайықты жұмыс табу өте қиын. 

Screenshot_1.jpg

ac9e57f6-079a-4c42-ac23-21ea03401bb9.jpg

a277d9ee-3c65-44d3-bbe7-4c478d312735.jpg

a277d9ee-3c65-44d3-bbe7-4c478d312735 (1).jpg

35023ba0-0fb7-4fb1-a219-9d95765b288a.jpg

Жоба құны 38 миллиард теңге: Павлодарда салынып жатқан көпір өртенді
Жалған және бұрмаланған ақпараттармен күрес күшейтіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу