Әйел мен еркектің айырмашылығы

Oinet.kz 07-11-2019 1146

әйел мен еркек.jpg

Әйелдің міндеті:

• Таңдаған адамын шын сүюі, сүйіктісінің образын әрдайым жүректе сақтауы, сол күйден ләззат алуы. Әйел үшін махаббат бәрінен артық. Әйелдің махаббаты екеуін де қорғайды. Әйелдің махаббаты рухани жетілуге жол ашса, ерінің күш-қуатын еселейді. Әйелдің еріне деген махаббаты перзентіне деген махаббаттан да күшті.

• Махаббатын жүректе сақтап, оны ешкімге сездірмеу. Кейде сүйіктісіне де артық айта бермеу. Ерінен «мен – саған, сен – маған» деген талап қоймау.

• Сүйіктісінің образын жүрегіне енгізген әйел сол еркек үшін жауапты, оны құрметтеуші, оның жүрегін сақтаушы. Егер бұрын мұңайып, ашуланып, айқайлап, торығып, өзін аяуға еркін болса – енді оның жүрегінің бір бұрышын сүйіктісі мекендейді, сондықтан оның негатив ойы мен сезімі сол жүректегі образға беріліп, автоматты түрде – шынайы өмірде орындала салады. Қорқыныш, үрей, өкпе, реніш әйелдің өміріне енсе, ол ерін де сол негативпен көмкеріп отырады.

• Әйелге ерінің осалдығын, кемшілігін, әлсіздігін, қателігін кешіріп үйрену керек. Әйелдің өзін бүлдіретін дүниенің бәрін кешіріп үйренгені абзал. Жұптағы әйелге сыңарының өзін қалай бағалайтыны маңызды. Жұбайлық өмірдің барлық саласында әйелге не беретіні маңызды.

Еркектің міндеті:

• Әйелді сол қалпында қабылдап үйрену. Кейде әкесіндей болу – ең бір ұнамды салыстыру болмақ. Әке қызына бәрін кешіреді. Тәрбиелейді, талап етеді, бірақ бас тартпайды.

• Еркектің жүрегіндегі сезім әйелдікіне жетуі үшін жанында сүйіктісінің барына шын қуануы тиіс. Еркектің сезімі бұрын оянып, әйелдікінен күштірек болса, еркектің жаны жай табады. Оның әлемі байи түседі. Тек сол кезде еркек энергияны өзіне тартады. Бұл жағдайдан шығудың жолы өте қиын. Әйел өзін сүйетінін түсініп қоймау керек.

• Еркек ойлау жүйесін шығармашыл болуына тәрбиелесін. Әр нәрсе туралы өзі айтып үйренуі қажет. Өз пікірін қорғай білуі керек.

• Әйел түсіне алмаған нәрсенің бәрін байыппен түсіндірсін, себебі, жұпта еркек өзінің ойының, сөзінің жемісін әйелге береді.

• Әйелді әдемілеп мақтап отыру. Шын беріліп сүйген, еріне сенім артатын әйел көбіне оның пікіріне тәуелді. Оның бағалауына мұқтаж. Сондықтан оның жақсы қасиеттерін арттыру үшін, жаман қылықтарын азайту үшін орынды мақтап отыру керек.

• Әйелді байсалды дауыспен тыныштандыру қажет. Оның қорқынышын, күйгелектігін басып, ашуын тарқатып отырсын.

• Әйелге логикаға сүйеніп ақиқатты тану қиындау. Бұл еркектерге тән қасиет. Ондайда әйелдің күш-қуаты тез сарқылып қалады. Есесіне ері бір мәселені жан-жақты талдап, өлшеп-пішіп берсе, әйел ненің маңызды екенін түсіне қояды. Соны түсіну үшін ерінің сөзін бөлу шарт емес. Еркектің ойы түгенделгенше, үндемесін, ол тоқтағанда әңгімені жалғап кетсе жеткілікті.

Еркек жақсы басқарушы, әйел астралды энергияны көруші. Ері әйеліне бағынуы, әйелге тізгін беруі, оның асау мінезіне иілуі – міндет емес. тіпті қажетсіз қылық. Егер әйел сүйсе, ол шын ниетімен еріне қызмет етеді. Сондықтан әйелге пәрменді тек байыппен, байсалды дауыспен, мазмұнын әбден ойластырып алып беру керек.

Әйел еріне еріп рухани жетіледі. Әрине, ел ішінде автомат әйелдер баршылық. Білімді өздігінен іздейтіндер. Егер әйел еркекке ақыл-білім үйретсе, еркек білімді өз еркімен іздеп таппаса, бұл еркектің менталды бүтіндігіне зақым келтіреді. Әйелдің пікіріне тәуелді етіп тастайды.

Еркек өз бетімен ақиқатты іздесе, бұл үдеріс – киелі болмақ. Оған әйелі не басқа бір беделді ер азаматтың алға жетелеуі қажет емес. Егер еркек әйелімен кеңеспей, оның мақұлдауын алмай, өзіне сенімді болмаса, өзінің таңдауының дұрыстығына күмәнді болса – әйел оның «миында отыр» деген сөз. Сүйген әйел өз басының орнына ерінің басын қойып өмір сүреді. Сүйгенше...

Ері оның жинаған артық ақпараттарын тазалап отырсын. Себебі, әйел айналасындағы мықты тіректерге иілгіш. Бұл отбасылық өмірге қосымша қысым жасайды. Кереғарлық туындатады. Әйелдің ойы еркектігінен аз болады. Бірақ бір ойды ойласа, соған берік келеді. Еркектің ойы көп, бір ойы бір ойынан асып түсіп, арпалысып, алысып жатады.

Аглая Датешидзе

Аударған @shinarabelda

Етене жақындық
Сенім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу