Әйел деген – салым салатын банк

Oinet.kz 08-11-2019 1357

әйел деген банк.jpg

Егер ер адам сүйіктісінің жагындағы өз күйін жақсы көрсе, онда әйел ерінің өмірінің мәні, жүрегіндегі жалғызы, оның тек өзіне мұқтаж болғанын қалап тұрады. Зайыбы ері үшін ауа сияқты болғысы келеді. Шөл даладағы су сияқты керек болғысы келеді. Ерінің сезімін сезінуі маңызды. «Мен сені сағындым, сені күні бойы ойладым, мен үшін сен ең маңызды адамсың, сен мені шабыттандырасың, сен мақтасаң қанаттанып кетем, өмірімнің мәні айқындалады, күш-қуатым тасиды» деген қарапайым сөздер әйелдің көңіл күйін көтеріп, тың қуат береді.

1. Әйелді дұрыс жақсы көру – оның жан дүниесін сезіну, көңіл күйін, ахуалын түйсіну

Егер зайыбыңыз сізге ренжулі болса, оның ашуы сіздің бүгінгі көңіл күйіңізді басқарып кетеді. Кейде ер адамдар бүгін ісім жүрмеді деп отырады. Айналаңызға қараңызшы, қанша әйелді ренжіттіңіз? Жетістікке жеткен азамат – осы жетістігі әйеліне, жүрегіне байланған жанның пейіл-көңіліне, жаман ойы мен ашуына қаншалықты тәуелді екендігін түсінетін жігіт. Сіздің зайыбыңыз – салылм салған банк сияқты – оның көңілін тапқан сайын өз өміріңіз гүлдене береді. Дұрыс жақсы көру – жай ғана зайыбыңызды шын сүю. Оның жан дүниесін түсінуге тырысу. Ішкі әлемін тану. Әйел қасында үнемі оған ғашық болып тұратын адамды көргісі келеді. Кейде ері шын түсінбейді, осыған не керек өзі, бәрі бар, бәрібір қабағы бір ашылмайды дейді. Әйелге сезім жетіспейді. Ол өзін сүйікті сезінуі тиіс. Әйел сезімді сезінетіндей сүйіңіз. Сосын әр әйелдің сезімді түсіну шкаласы әр бөлек. Көбіне әйелдің өзі не қалайтынын айтып береді, тек құйма құлақтар құйып алса болғаны. Бақытты отбасыларда ерлі-зайыптылар бір-бірінің әр қадамын бағып, қуанып, құттықтап отырады. Керек жерінде жұбатып, көмегін ұсынады.

1. Зайыбыңыздың сезіміне салғырт қарамаңыз, ынтықтығыңызды сездіріңіз. Әйелді еркелетіп, керегін әперіп отыру қажет. Кішкентай қызға қарағандай қараңыз. Ұсақ-түйек сыйлықтар жасап тұрыңыз.

2. Әрқашан киноға шақырып, театрға ертіп барыңыз. Тосынсый жасаңыз. Кешкі асқа, не саябаққа серуендеуге шақырыңыз. Оның бос уақытын өзіңізбен толтырыңыз. Ерінбеңіз.

2. Әйелді дұрыс жақсы көру – жомарт болу

Әр нәрседе жомарттық таныту: сөзбен, көңіл күймен, сыйлықпен. Сараң, шық бермес Шығайбайлар шын жетістікке жетпейді, олар өз мүмкіндігін толық аша алмай қалады.

Махаббат заңы – неғұрлым көп берсеңіз, соғұрлым көп аласыз. Ақша – бір нәрсе сатып алатын қағаз емес – ол қуат.

Шын ниетімен берген сайын еркектің жолы ашыла береді. Миында тиындарын санап қалса, өзіне зияны тиеді. Ақшасын санамаса, зайыбы ерекше ықыласпен жақсы көріп кетеді. Әйелдің махаббатымен ер азаматқа бақ қонады. Жетістікке бастар жолы ашылады. Егер зайыбыңыз сіздік сезімнің дефицитін ғана сезінсе, материалды тұрғыда қамтылмаса – ол бақытсыз әйел, яғни ол кеңістікке тек сондай нашар вибрациялар жібереді. Әйелдің қуаты кеңістікке қатты әсер етеді.

Кей еркектер ақша тапсам – болды деп есептейді. Олар әйелге ықылас, пейіл, құшақ, қамқорлық, уақыт бөлу керегін елемейді. Жомарт болыңыз.

3. Әйелді дұрыс сүю – оның ішкі күйіне қамқорлық таныту

Әйелдің ішкі күйіне қалай қамқорлық жасайды? Әйел еркектерге қарағанда сезіммен, көңіл күймен өмір сүретіні белгілі. Оларда логика мен ақыл бола бермейді. жалпы әйелдер ақымақ демеймін. Ақылды әйелдер де көп. Дегенмен әйел болмысы – көңіл күй жетегінде кетеді. Еркектің мақсаты әйелдің көңіл күйін түзеуге көмектесу. Әйел сезімін басқара алмай қалғанда еркек өзін қалай ұстайды? Осы нәрсе өте маңызды. Әр азамат зайыбының осал тұстарын білуі керек. Қатты сөз айтып, ренжітуі үшін емес. Жүрегін сақтап, артық салмақтан сақтап қалу үшін. Ең дұрысы көңілі бұзылғанда зайыбыңызды осындай жағдайға жеткізбеу. Ол ашуланғанда сізді ренжіткісі, көңіліңізге дық салғысы келмеген. Жанына жара салғанда өзін қадағалай алмай қалады. Бәлкім, сіз өзіңіз де түсінбестен ауыр сөз айтып, жүрегін тілгілеп алғаныңызды байқамай қалған шығарсыз. Жанына жара салғанда әйел ашуланады. Сосын ашуға беріліп, өзін қорғай бастайды.

Әйелдің ашуы да, долылығы да еркекті шошытады, сол сияқты үндемей іштен тынғаны да қорқынышты. Егер ол үндемесе, ішінде бұрқ-сарқ қайнап жатқан оқтай сөздерден сақтап қалғысы келгені.

Әйелдің сезімге еріп, ашуға бой алдырып, мінез көрсетуінен шошисыз. Бұл жағдай сізді қалай шоштыса, әйелді де соншалықты шошытады. Өзінің ашуынан өзі қорқатын кезі көп. Ол бәрібір ерін сүйеді. Ері оған керек. Су құятын құты сияқты. Өзінің ашуынан қорғап қалса екен дейді.

Әйелдің ашуынан қорықпайтын еркекті мықты азамат дейміз. Егер ашуына қарсы шықпай, төтеп бере алса, екінші жағынан төбесіне шығарып, өзін кемсітуге, қорлауға жол бермейді. Әйелдің ашуынан қорықпау керек. Тек сабырмен, жақсы көріп қойдыра білу қажет.

4. Азамат өзінің рухани дамуына көңіл бөлсін, ішкі қиындығын белгілі бір әйелмен емес, жалпы әйел болмысымен шешуі тиіс

Егер жігіт анасымен қарым-қатынасын шешіп алмаса, анасының ықпалынан шыға алмаса, оның алдында өзін кінәлі не оған ашулы, ренжулі болса, онда әйел атаулымен қарым-қатынасы мандымайды. Жақсы әйел мойынсұнғыш еркекті бағаламайды. Бірақ көп әйел күйеулерін осындай етуге тырысып бағады. Осындай сәтте еркектік намысты ояту қажет. Әйелдің деструктивті импульстеріне өзінің азаматтық болмысын бүлдіруге жол бермеу керек.

Еркектігін сақтап қалған азамат зайыбына нәзіктігін ашуға көмектесе алады. Ер азамат өзін, өзінің территориясын құрметтеуі тиіс, шекарасын қорғап, әйелді төбесіне шығарып алмауы тиіс. Әйел еркектің басына шықса, содан еркек бақытты боп кетеді демеңіз. Одан әйел де бақытты боп кетпейді. Әйелді қанша сүйсеңізде, азамат екеніңіз есіңізден шықпасын. Әйелге биліктің тізгіні тимесін. Тізгінді қолда ұстау үшін жалқаулықты жеңіп, шолақ ойлаудан арылып, қорқыныш пен үрейді жинап қойып, болмысыңдағы азаматтықты жетілдір. Қорға, қамқор бол. Басқар.

5. Әйелге өзіңізді кемсітуге жол бермеңіз, шекарадан аспасын

Көңіл күй бақылаудан шығып кетсе, жақсылық жоқ. Әйелге көп дүниені рұқсат ете беріп, махаббатыңызды қоқысқа дайындағаныңыз. Әйелді тоқтататын күш – еркек. Соны ұмытпаңыз. Есінен шығып бара жатқанда, түсіре қойыңыз. Әйел еркектің жанындағы өзін жақсы көреді. Жүрегіндегі мықты адамды жақсы көреді. Өзін төмен түсірмейтін, алысқа ұзатпайтын, ешқашан сатып кетпейтін азаматын жақсы көреді. Егер зайыбыңыз сіздің жаныңызда сабырлы, үйлесімді болса, ол өзін де, сізді де жақсы көре береді. Егер айғайлап, дауыс көтерсе, долылығын көрсетсе, өзін де, сізді де жақсы көруді доғарады. Әйелді қалай тоқтатасыз – өзіңізге ғана мәлім болсын. Құшақтаңыз, сүйіңіз, дауыс көтермей сөйлеңіз, қабағыңызды түйіңіз, күліңіз. Бірақ ешқашан кемсітпеңіз. Намысын аяққа таптамаңыз. Есікті тарс жауып кетіп қалмаңыз. Оның сезіміне түкіріп, уайымына күліп қарамаңыз. Ашуға булыққанда өзін ешкім тыңдамаса, есікті тарс жауып, кетіп қалса, сезімі бағаланбағанын, өзінің еш керек еместігін ғана сезінеді. Оған сізді көру, ішіндегісін шығарып айту, оны түсінетіндігіңіз маңызды.

Анна Кирьянова

Аударған Шынар Әбілдә

Тәңіржарылқаған
Төрт адамды ешқашан ренжітпе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу