Кешіру

Oinet.kz 08-11-2019 1126

кешіру.jpg

Елдің бәріне белгілі бір шындық бар. Кешіру, кешірім беру - ең алдымен өзің үшін қажетті қадам. Бұл құдайшылыққа да сай. Кешіру - Жер бетіндегі ең ғажап ізгілік. Бірақ адамды тектен тек кешірмейді. Әсіресе, ер-азаматтарды.

Кешірім адам жанын тазалайды. Ренішті өшіреді. Біреуге тәуелді болудан құтыласың. Өзара қарым-қатынасты үйлесімді етеді. Жалпы өміріңді адал жолға бастайды. Ең құрығанда психосоматикаға салмақ түсірмей, оны бүлінуден сақтайды. Сан алуан психосоматикалық тәжірибелер жасай жүріп, медитацияны үзбей, өз көңіл күйімді басқаруды меңгеріп, клиенттерімнің түйткілін шешіп беруден көз жеткізген бір шындық - егер ол адам өзі кешірім сұрап, кешірімге мұқтаждығын түсінбесе, онда ол адамды кешірудің қажеті жоқ. Әсіресе, жігіттер кешірерліктей қадам жасамаса, алдына иілудің еш қажеті жоқ. Бұл адамды теріс жолға түсіреді. Кешірім сұрамаған адамды кешіру - маған бәрін жасауға болады дегенге сендіріп, жазасыздығын сезінуге әкеледі екен. Кешірім сұрамаған адамды кешіру - жеке өмірлік шекараңды қорғай алмауың. Ол адам саған санасы жеткен қиянатты жасай бермек. Кешірім сұрау, кешіру - бұл рухани сұраныс, бірақ тек рухани деңгейі өзіңмен тең адамға ғана жүреді.

Басқа кезде кешірімді Құдайдан сұра, өзің үшін, ол үшін, өзіңді қиын жағдайға жеткізгенің үшін, өзгеге ашуланғаның үшін, қарғап-сілегенің үшін. Бұны басыңа дерт төнбесін деп жасайсың. Ал ренжіткен адамнан бойыңды аулақ ұста. Құдай кешсін де.

Неге әсіресе ер-адамдарды кешіруге болмайды? Себебі, жігіттерді бала күннен белгілі бір әрекеті үшін мақтайды, жақсы көңіл күйі үшін емес. Солай тәрбиелейді. Олар үшін кешірім алу - бір әрекет жасау. Бұл дұрыс логика. Егер әйел үндеместен бар жағымсыз қылығын кешіре берсе, бұл азаматтың күш-қуатын әлсіретіп, тәрбиесін төмендетеді. Ерлердің санасы мұндайды қабылдамайды. Жас балаға "неткен сұлусың" деп айтқандай. Көңілге жағымды, бірақ қатты ұялтады. Бұған жігіттер не деп жауап қату керегін білмейді.

Сомен, Құдайдан кешірім сұра, өзіңді кешіріп үйрен, ренжіткен адамды Құдай кешірер. Бірінші боп өзі кешірім сұрағанша, оның алдына түспе.

Лилия Ахремчик, психолог

Аударған Шынар Әбілда

Төрт нәрсені ешқашан тастама
Ой — өте нәзік, бірақ тым алмағайып қуат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу