Үш айлық баланы үш бөлмелі пәтерге айырбастамақ болған

Oinet.kz 28-07-2020 1826

Өзбекстанның Навои облысында үш айлық баласын үш бөлмелі пәтерге алмастыруды көздеген әйел қолға түсті. Бұл туралы Навои облысының милициясы 27 мамырда мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

саби.jpg

Ресми ақпарат бойынша, әйел мен оның әкесі 23 мамырда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы операциясы барысында ұсталды.

1987 жылы туған әйел 2020 жылы туған ұлын шамамен 250 млн сум ($25 мың) тұратын үш бөлмелі пәтерге алмастыру кезінде ұсталды. Ол қылмыстық әрекетін әкесімен бірге іске асырмақ болды, – делінген милиция хабарламасында.

Бұның алдында, 25 мамырда, Өзбекстанның ішкі істер министрлігі Қарақалпақстанның Төрткүл ауданында 13 жастағы баласын 15 мың долларға сатпақ болған әйел ұсталғанын хабарлаған. Бірнеше күн бұрын Хорезмде екі жастағы баласын 7 700 долларға сатуды көздеген әйел қолға түскен.

Күйеуі талақ айтып, басқа адамға күштеп тұрмысқа шығарған намазхан әйелдің тағдыры
«Таяқ жеген күндеріме рахмет»: Алтынай Жорабаева бұрынғы күндерін еске алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу