Баласының бақытынан байлықты артық көрген ақшаға құмар ана

Oinet.kz 02-08-2020 1691

Жанар жастайынан зерек болып өсті. Мектепті үздік аяқтап, жоғары оқу орнына грантқа түседі. Университетті де үздік бітіріп, өз мамандығы бойынша жақсы мекемеге жұмысқа орналасты. Жатақханадан шыққан соң баспана іздестіріп, бірнеше үйге хабарласып жүріп, қаланың орталығындағы пәтердің бір бөлмесін жалдап, тұрып жатыр. 

13TF7Tst33TqzIMO-lg.jpg

Жанар өте пысық әрі ақкөңіл қыз. Үй иелерімен тез арада тіл табысып, сол үйдің бір мүшесіне айналды. Пәтер иесі Қаламқас апайдың ержеткен Жандос есімді жалғыз ұлы бар. Қаламқас Жанарды өз қызындай көріп, әркез көмектесіп жүреді. 

Әуелгіде қарындасы ретінде көріп жүрген Жандос уақыт өте Жанарды ұнатып қалады. Екеуінің бір-біріне деген сезімдері риясыз, шексіз махаббатқа ұласты. Әрине, бұл туралы Қаламқас апай білмейді. Дегенмен, Жандос анасының қарсы болмайтынына нық сенімді. 

Бір күні жұмыстан соң мейрамханада кездескен екеуін Қаламқас апайдың құрбысы көріп, таңданады. Әрине, бұл жайлы апайға жеткізеді. Күтпеген бұл жаңалықты естіген Қаламқас апай қатты ашуланып, Жандосқа хабарласып, үйге тез келуін сұрайды. 

Ойыңда ешқандай жаманшылық жоқ Жандос үйге келгенде анасынын ашуланып отырғанын байқады. 

- Қазір заттарынды жинап, бұл үйден кет! Үндемей жүріп баламның басын айналдырып алыпсың ғой, қу түлкі!

- Мама, не айтып жатсыз? Біз Жанар екеуміз бір-бірімізді жақсы көреміз. Мен оған үйленгім келеді, болашағымды тек осы қызбен елестете аламын, - деп Жандос бар шындықты бүкпесіз ашық айтты.

Қаламқас Жанарды қызыңдай ұнатқанмен, келін ретінде баласына тең көрмейтін. Жанар қарапайым отбасыдан шыққан ауылдың қызы. Ата-анасы үйде отырған зейнеткер адамдар. Ал Қаламқас апай қалада тұратын, мансапты жұмыс атқаратын, дүние-мүлкі көп, бай отбасымен құда болуды армандайды. Болашақта ұлына мансапта өсуге көмектесетін қайын жұрты болғанын қалады. Ал ұлы қарапайым ауылдың қызың таңдап тұр.

«Анам қарсы болмайды, бәріміз бақытты ғұмыр кешеміз» деп армандап жүрген жұбайлардың жоспары көкке ұшты. 

Жандос екі оттың арасында қалғандай күй кешіп жатты. Бір жағында дүниеге әкелген анасы, бір жағында шексіз жақсы көрген аяулы Жанар. Өмір болғасын осындай кикілжіңдер мен сынақтар болып тұрары анық. Тек осындай уақытта ұтымды әрі дұрыс шешім қабылдау жігітке тікелей байланысты. 

Жандос анасымен ашық сөйлесіп көрді. Сөйлесе келе, анасының ақша мен дүниеге қызығып, баласының бақытын екінші орынға қойғанын түсінді. Енді Жандос қулыққа басып, анасын қалайда көндіруді ойлады. 

Жандос үйге Жанардың кәсіпкер ағасын шақырып, анасымен таныстырды. Ағасының мақсаты қызды өз үйіңе алып кету еді. Ағасы Қаламқас апайға қыздың отбасы дәулетті болғанымен, қарапайым отбасы екенін айтты. Сол сәтте «баласының мансабын қатты уайымдайтын» Қаламқас апай жақсы жұмысқа орналастыратына әбден көз жеткізген соң, Жанардан айырылып қалмаудын амалын жасады. 

Әрине, мұның бәрі Жандостың ойыны еді. Осы арқылы ол анасынын шынайы бейнесін көрмек болған. Анасына  ақшадан бұрын өзінің бақыты маңызды екенін Жандос түсіндіріп, ал бұл адамның жәй ғана актер екенін ашық айтты. Қаламқас апай өзінің ісіне қатты өкініп, жастарға ақ батасын берді.

Жандос пен Жанардың арманы орындалып, бірге бақытты ғұмыр кешуде. 

Дариға Назарбаева біздің халықтың басты жауын атады
Шарасыздық шырмауына шатылғандар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу