Баласын құтқару үшін 30 метрлік құдыққа секірген әйелдің ерлігі елді сүйсіндірді

Oinet.kz 13-08-2020 1895

Тайландтың Пхукет қаласының тұрғыны 30 метрлік құдыққа секіріп, сол жерге құлаған ұлын құтқарды. 

156334.jpg

4 тамызда Мс Да есімімен танымал әйел үйде кір жуып жүрген, біркезде 3 жасар ұлы Сеоның тынышталып қалғанын байқаған, бұл оған күдік тудырған. Содан кейін ол үйдің артқы есігін ашық қалдырғанын түсінген. Әйел Сеоны шақырған, бірақ ол жауап бермеген. Ол оны іздей бастаған. Бала үйде болмаған, Мс Да көшеге шыққан. Ол ұлының екі аяқ киімін құдықтың қасынан көріп, көршілерін көмекке шақыра бастаған. Көршілері құтқарушыларды шақырды. Тайландтық әйел олардың келуін күтпей құдыққа секірген, оның тереңдігі тақтайшадағы жазбаға сәйкес 30 метр, ені бір метрді құрайды. Содан кейін көршісі Мс Да мен оның баласын құдықтан шығару үшін арқан түсірген. 

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар көршісінің суға малынған балаға және оның анасына  алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқанын байқаған. Әйел баласына жеткенде, оның ес-түссіз жатқанын айтты. Мс Да баласының өкпесінен суды шығару үшін оны иығына салып сілкегенін айтты. Көп ұзамай бала оянған. Бала да, анасы да ешқандай жарақат алмаған. Бірақ біраз уақыт шок күйде болған. Мс Даның көршісі оны батылдығы үшін мақтап, ұлына қамқорлық жасау үшін оған мың бат (2,3 мың рубль) берді. 

Дереккөз: Stan.kz

Әруақтың қаһарына ұшыраған екі қыз...
Жүз рет қажылыққа барғанын дүркіретіп тойлаған қажы әрекетін түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу