Телехикая: зиян ба әлде пайдасы бар ма?

Oinet.kz 28-02-2019 1362

888-1476211559-95dc1d44d5.jpg

Өз мәселесі бастан асып жатса да, сериалдағы саңлақтардың тағдырына алаңдап, өз өмірін соңғы орынға қоятын жандар бар. Осы телехикаяға телміру, ол ауру ма әлде ермек пе? 

Көрермендері мол телехикаялар қоғамның үлгі тұтар құралына айналып отыр. Телехикаяларда  көрсетілетін  қызының әкесіне қарап дауыс көтеруі немесе зәулім үйде өмір кешуі, көре алмаушылық сезімдер отбасылық үлкен дауды тудырып жататыны да жасырын емес.  Бұл сауалды отбасы психологиясын зерттеуші Рауан Нұрғалиқызына қойған едік. 

Рауан НҰРҒАЛИҚЫЗЫ

Психолог:

 Телевидениенің, кез-келген ақпараттың барлығы мультфильм, фильм болсын, сериал болсын, қандай бағдарлама болсын, адамға тәрбиелік мәні бар нәрсе. Сол сериалдан көріп отырып, адам кейде түзу шешім қабылдауы мүмкін, дұрыс немесе оны дұрыс емес өзі қабылдап немесе шынында дұрысқа тәрбиелемейтін, бұрысқа тәрбиелейтін сериал болуы мүмкін. Сол жерден осылай болуы керек шығар деп, ол семьясымен ажырасып, ата-енесімен қарым-қатынасы бұзылып та жатуы мүмкін. Сондықтан сериалда  болып жатқан оқиғалардың барлығын, негізінде көрермен өзінің өміріне қолдануына өзінің өміріне сабақ қылуына көбіне болмайды. Кейде олар ішеді  немесе өте қатал көрсетеді, деген сияқты мәселелер, оны көріп отырған мындағы көрермен мына әйелде осындай қаталдық бар екен, мен де келініме осындай қарым-қатынас жасасам, мен де келіншегіме, мен де жұбайыма деген сияқты нәрселер біртіндеп сананы улауы мүмкін. Кейде тіпті адам өзі сезінбей де қалуы мүмкін.

 Бейресми деректердің мәліметінше, күнделікті көретін сол сериалдарыңыздың бір сериясына 1000-1500 АҚШ долларын беріп, сатып алады екенбіз.  Ойлаңыз, сонда қаншама қаражат көкке ұшты. Құны мен сапасы үйлеспейтін мұндай сериалдың берері аз екені көпке мәлім, алары алтындай уақытыңыз бен жұқарған жүйкеңіз ғана

 Дәрігерлер қауымының айтуынша, сериалдарға үйреніп алушылық – алкоголь және есірткіге деген тәуелділікпен пара-пар. Сериалдың бір сериясын жібермей көру үшін жаға жыртысуға әзір. Сонымен бірге сериалдағы бір оқиғаның сағыздай созылып, шешімін табуын төзімсіздене күту - көрерменін неврозға шалдықтырады екен. Түрік сериалдары туралы кең көлемде сараптама жасаған ғалымдар сериалдардағы қандай факторлар адамға қаншалықты әсер ететіндігін және олардың пайыздық мөлшерін анықтапты.

Нәтижелері мынадай:

Сериал музыкасы 26 %

Шиеленіс 21 %

Қастандық 17 %

Трагедия 16 %

Меланхолия 14 %

Сценарий 6%

Ал киносыншының айтуынша, ұзын-сонар сериалдардың айтар ойы аз да, алатын уақыты орасан зор.   

Баубек НӨГЕРБЕК

Кинотанушы, PhD докторы:

 Шынайылық аз, ол жақта тым қатты идеалды кейіпкер жасайды, мысалы, оны енді екі қырынан да қарауға болады, кейбіреулер оны құп көреді. Кейіпкер керек дейді. Кейбіреулер ол өмірден алшақ болғаннан кейін, жақын болмайды. Өйткені кино негізінде әсіресе телесериалдар ол өмірмен ең тығыз байланыста өнер түрі деп айтсақ боладыТаңдауға әртүрлі себептер бар, мысалы, қаржыдан бастап, оның қаншалықты өтімді болатынына қарайды әрине.

 Әрине, сериал көруді жаппай жаман деуге болмайды. Мәселе сериалда емес, көрерменнің оны қалай қабылдауында ғой. Десек те, киногерлер қандай жағдай болса да, сериалдағы өмір мен шынайы өмірдің арасын тым алшақтатып жібермесе екен.  Өйткені,  сериалды көбінде бала тәрбиелеп отырған аналар көретіндіктен, ол  ұлағатты тәрбиенің талбесігі десек артық емес.

Дереккөз : anabol.kz

Өзіңіз қалаған жерге қалай жұмысқа орналасуға болады?
Сабырға келу үшін қандай жаттығулар жасаған жөн?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу