Дәстүрді дәріптеді

Oinet.kz 02-05-2020 861

Screenshot_29.png

Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы онлайн шараларға күн сайын қатысып, үйде отырған ағайынға пайдалы мәліметтер таратуда. Ұлттық құндылықтарымыз бен рухани байлығымызды жас ұрпаққа кеңінен ұғындыру үшін Шымкент қаласындағы Салт-дәстүр орталығы төтенше жағдайда әлеуметтік желілерде кеңінен тақырыптарды қозғауды қолға алған. 

Солардың бірі – орталықтың қызметкері Ақмарал Орынбекова «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Дәстүр дәрістері» айдары бойынша «Енші беру» тақырыбын қозғады. Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шығарады. Сонда малынан – мал, мүлкінен – мүлік бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Мұны енші беру деп атайды. Ата-анасы қайтыс болса, олардың малы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне еншібас беруге тиіс. 

«Бірінші, балаларға ата-анасының бөліп беретін еншісі. Қазақтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлі әдет-ғұрып қағидасы бойынша ер балалар жеке үй болып бөлініп шыққанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкін «енші» деп атайды. «Еншісіз ұл, кәдесіз қыз болмайды» деген қазақ мәтелі осы дәстүрге орай айтылған. Еншінің көлемі ата-ана дәулетіне, мүмкіндігіне орай әр түрлі болады. Енші бөлу барысында ата-ананың ұйғарымы заң, оған қайшы келетін бөгденің билігі жүрмейді. Ата-ана қайтыс болған жағдайда енші бөлу билігі ер балалардың үлкеніне беріледі. Сонымен қатар, әкесі балаларына мал еншісін берген кезде ішсе сусыны, жүрсе көлігі болсын деп міндетті түрде түйе берген. Ауыздары ақтан арылмасын деген ниетпен буаз сиыр берген екен», - дейді Ақмарал Орынбекова.


Дәстүр – ұлттық қазына
Көрмені онлайн тамашалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу