Экс-депутат Елекеев Жаңаөзен оқиғасын кім ұйымдастырғанын жорамалдады

Oinet.kz 30-11-2020 4753

Экс-депутат, қоғам қайраткері, заңгер Ирак Елекеев 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасын кім ұйымдастырғанын болжады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Жаңаөзен оқиғасы.jpg

- Атуға кім бұйрық бергенін айта алмаймын. Айта аламын, ұйымдастырған топ болды. Ол мұнайшылар емес. Оны біреулер ағайынды Рысқалиевтар ұйымдастарды дейді, біреулер Мусиннің (Аслан Мусин - автор) ұсынысы дейді. Осы төңіректе әңгіме болды, - деді Ирак Елекеев журналист Нартай Аралбайұлымен болған сұхбатта. 

Ол журналистің "ақшасы көп адамдар ұйымдастыруы мүмкін бе?" дегеніне, "мүмкін" деп жауап берді. 

Еске сала кетейік, Жаңаөзен оқиғасы - 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ереуілге шыққан жергілікті жұмысшылар мен құқық қорғау органдары қызметкелері арасында болған қақтығыс.

16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласының орталық алаңына еңбек дауына байланысты жеті айдан бері ереуілге шыққан Өзенмұнайгаз мекемесінің бұрынғы қызметкерлері мен жергілікті құқық қорғау органдары арасында болған қақтығыс. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан қару қолданылып, оқ атылды. Қаладағы тәртіпсіздіктер коммерциялық нысандар мен мемлекеттік органдардың ғимараттарына ауысты. Полиция оқ қару қолдануы салдарынан ереуілшілер тарапынан көп адам опат болып, көбі жараланды.

17 желтоқсан күні Маңғыстау ауданының орталығы болып саналатын Шетпе станциясында жергілікті тұрғындар Жаңаөзендегі ереуілшілерді қолдау мақсатында жолаушыларды тасымалдайтын поезді басып алды. Поездың алдында жатқан шпалдарды бұза бастады. Поезд өртке айналып адамдарға қауіп төнді. Полиция қызметкерлері қару қолдану салдарынан бір адам оққа ұшты.

Ғалым. Ұстаз. Қайраткер (Оңалбай Аяшев хақында)
Қарақат Әбілдина түріктерге тәнті болып, қазақтың ертеңіне алаңдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу