Мұсылмандар үшін қасиетті жұманы «қара» деп атау қаншалықты орынды - Мамандар пікір білдірді

Oinet.kz 27-09-2023 1174

Елімізде “қара жұма” акциясы даулы тақырыпқа айналып, жылда оның атауын өзгерту ұсынылады. Жақында ғана Қостанай облысында белсенділер бизнес өкілдері өткізетін акцияға тыйым салуды талап еткен еді. Stan.kz тілшісі бұл мәселеге қатысты дін өкілдері мамандарының пікірін білді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

“Өзгелер қалай атаса да, мұсылмандар үшін құрметі өзгермейді”

Белгілі дінтанушы Нұрлан имам көпұлтты әрі көпконфессияналды елде барлық дін өкілінің құқығы қорғалу керек екенін айтты.

“Жұма – мұсылмандар үшін қастерлі күн. Жұманы өзгелер қара, ауыр тб. сөздермен қалай айтса да, біз үшін қадірлі күн және құрметі еш өзгермейді. Ол бизнес көзінің терминіне айналған. Дінге, мұсылмандарға тікелей ешқандай қатысы жоқ. Десе де азаматтарымыз бен олардың сенім-нанымына құрметпен қарау керек. Діни алауыздық туғызбас үшін бақытты жұма, сәтті жұма, берекелі жұма деген сөздермен ауыстырған абзал”, – деді Нұрлан имам.  

Қазақстанның бас мүфтиі бизнес өкілдері қолданатын "қара жұма" сөзін өзгертуді ұсынды

“Black Friday құл иеленушілердің қара нәсілді құлдарына жеңілдік жасауынан шыққан”

Алматыдағы Қарасай батыр мешітінің бас имамы Есім Ержан “қара жұма” аудармасының қазақ философиясына сай келмейтінін жеткізді. Оның айтуынша, “қара” сөзі жеңілдік емес, керісінше қаза, қайғы, қараңғылық мәнімен көбірек ұштасады. 

“Тіл мамандары да қара сөзі біреуді төмендету үшін айтылатынын мәлімдейді. Мәселен, дүйім жұрт деп көпшілікті көтеріп айтса, қара халық тіркесі жағдайы мүшкіл, қарапайым адамдарға қатысты қолданылады. Осыдан екі жыл бұрын бас мүфти Наурызбай қажы бұл мәселені көтеріп, жомарт жұма деп атауды ұсынған еді. Мұны Ресей мүфтиі, Сауд арабиясы, Египет және ТМД елдерінің мүфтилері қолдай кеткен”, – деді Есім Ержан.

Ол мұндай акция қайдан бастау алғанын атап өтті.

“Америка елдерінде бұрын құл иеленушілік өрлеп тұрды. Сол кезде Алғыс айту күнінен соң келесі күні құл иеленушілер қара нәсілді құлдарына жеңілдік күнін жариялаған. Осылай Black Friday аталып кетті. Кей деректер бойынша бұл күні қара құлдарды сату кезінде олардың бағасын төмендетіп, түрлі жеңілдіктер жасаған. Қалай қарасақ та, нәсілшілдік сипат бар. Ал орыстарда “на черные дни” деп ақшаны сақтап қоятындар бар. Олар қиын-қыстау кезеңді осылай меңзейді. “Қара жұманы” олар қиын-қыстау кезеңге дайындық ретінде қарастырады”, – деді имам.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда бұл акция жеңілдік, жомарттыққа көбірек келеді.

“Өзге тілдегі сөздерді тікелей аудармау керек. Олардың мән-мағынасына көңіл бөлген жөн. Сондықтан жұманы қаралы етпей, “жомарт жұма” деп жағымды сөзбен ұштастырған дұрыс”, – деді ол.

“Жұманы келеңсіз тарихи оқиғалармен байланыстырмайық”

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Елбек Тасболатұлы ислам дінін ұстанатындарға құрмет көрсетілу керегін айтты.

“Мұсылман қауымы үшін қасиетті күнді жағымсыз сөздермен, келеңсіз тарихи оқиғалармен байланыстырған қате деп санаймын. Сол үшін  "жомарт жұма" деп өзгертсек, мағынасы жағынан да, естілуі жағынан да орынды”, – деді Елбек Тасболатұлы.

«Ел қорғайтын азаматтар мешіттерде ертегі тыңдайтын балаға айналды»: Ахметбек Нұрсила
«Жастар Рухы» объявляет «войну» вандализму
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу