«Құласаң, нардан құла». Қоғам белсенділері Тоқаевты сотқа берді

Oinet.kz 01-04-2021 1716

2016 жылы жерге қатысты митингілерден кейін әртүрлі айыптармен сотталып, жазаларын өтеп шыққан қоғам белсенділері  Макс Боқаев пен Талғат Аян өздерінің талаптарын орындату үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сотқа берді. 

Макс Боқаев белсенді.jpg

- Макс Боқаев екеуіміз 2018 жылы сайлау туралы заңнамаларға енгізілген өзгерістердің партияда жоқ азаматтардың мәслихатқа сайлану құқығын шектейтінін алға тартып, сотқа талап арыз бердік. Бұл іс бойынша жауапкер Қазақстанның президенті мен Парламент палаталарының төрағалары. Біздің ойымызша, аталған өзгерістер азаматтардың мемлекет басқаруға қатысуына кепілдік беретін Ата заңға қайшы келеді. Сонымен бірге партияда жоқ азаматтарды алалап, құқығын бұзады. Соңғы мәслихат сайлауының нәтижесін жоққа шығаруды да талап ететін боламыз. Мәслихат бірінші кезекте  өңірдегі мүдделерді қорғауды, проблемаларды шешуі тиіс.  Мәселен қоршаған ортаны қорғау, жолдардың жағдайымен айналысуы керек. Ал, жуырда ғана мәслихатқа сайланған үш партияның өкілдері  қалың көпшіліктің осындай проблемаларын шеше алады ма? - деп жазыпты фейсбуктегі парақшасында Талғат Аян. Оның айтуынша, қоғамдағы  әрбір белсенді азамат мемлекет басқару ісіне қатысуы тиіс. Бұған Ата Заңмен кепілдік берілген. 2018 жылы Конституцияға енгізілдген өзгерістер азаматтардың бұл құқығын шектейді. 

Талап арыз Атырау қалалық сотына берілген. Бұл істің немен аяқталары белгісіз. Бірақ бір анығы, бұл сотқа президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың келіп жауап беретіні күмән тудырады.  Сот талап арыз бойынша азаматтық өндірісті қозғағанымен, оны қанағаттандырмайтыны айдан анық. Сайлауға қатысты заңнамалық өзгерістер 2018 жылы жасалып қойылды. Оны сол кездегі Парламент мақұлдады. Соттың үш жыл бұрын қабылданып кеткен заң жобасын заңсыз деп таниды дегенге, кім сенеді? 

Аюпов қайда? Аюпов айда! Түркістанның әкіміне көңілі толмайтындар көбейіп келеді
Жұртты шулатпаңыз генерал Жұмаханбетов!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу