Бангладеште көпқабатты үйден өрт шығып 43 адам қаза тапты

Oinet.kz 01-03-2024 445

29 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00 шамасында жеті қабатты мейрамханадан өрт шыққан. Тілсіз жау ғимаратта тез таралып, 10 адам қызыл жалынның ішінде қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі BBC басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтағанымен, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. 

Елдің денсаулық сақтау министрі Саманта Лал Сеннің айтуынша, қаза тапқан 43 адамның арасында әйелдер мен балалар да бар. Тағы он шақты адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.

“Біз алтыншы қабатта болғанда түтінді байқадық. Көп адамдар сатымен жоғары көтеріліп жатты. Ал біз керісінше, су ағатын құбыр арқылы төмен түстік. Кейбірі жоғарғы қабаттан секіріп, жарақат алды”, –  дейді Сохель есімді мейрамхананың менеджері.

Дамыған елдер «қартайып» барады
Техаста тарихтағы ең ірі өрт болып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу