Дамыған елдер «қартайып» барады

Oinet.kz 22-02-2024 581

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, 26 жылдан кейін қарттардың 80 пайызы табысы төмен немесе орташа елдердің тұрғыны болмақ. Ал бүгінде дамыған елдерде қартаю басым. 

Screenshot_4.jpg

Алдыңғы жылғы есеп бойынша, әлемде жасы 65-тен асқан 771 миллион қария бар екен. Бұл жер шары халқының 10 пайызы. Бірақ бұл көрсеткіш 2050 жылы – 16, ал 2100 жылға қарай 24 пайызға жетпек. Яғни, адамзат жыл сайын қартайып барады. Сарапшылар мұның себеп-салдарына үңіліп көрген. Экономикалық қуаты бойынша әлемде 14-орында тұрған Оңтүстік Кореяда 70-тен асқандардың саны жасы 20-дан асқандардан көп. Ел үкіметі осындай мәліметті былтыр алғаш рет тіркеді. Сарапшылар бұл жәйт экономиканы кері тартуы мүмкін екенін айтып дабыл қағып жатыр.  Бұл елде қазір әр бесінші тұрғынның жасы 65-тен асқан. Қартаю әлемнің екінші дамыған елі – Қытай үшін де үлкен мәселеге айналды. Елде жасы 60-ты алқымдағандар қатары 280 миллионнан асады. Бұл халықтың шамамен 20 пайызы. Былтыр халық саны 2 миллионға қысқарған. Үкімет коронавирустан кейін туу азайып, өлім-жітім көбейгенін айтады. Өткен жылы 9 миллионға жуық сәби өмірге келген. Ал 8 жыл бұрын бала туу бұдан 2 есе жоғары еді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, халқы қартайып жатқан Қытай билігі қарияларға күтім жасайтын мамандар санын арттыруды қолға алған. Адам саны бойынша Қытайды басып озған Үндістан қариялары қазір халықтың 10 пайызына тең. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл көрсеткіш 2050 жылға қарай 2 есе артатынын болжап отыр. Экономикасының қуаты бойынша әлемде үздік үштікке кіретін Үндістанның бір ерекшелігі – бұл елде халықтың 55 пайызы жұмыспен өзін-өзі қамтамасыз етеді. Қазір үнді елінде жастардың 70 пайызы ауылда тұрады. Бірақ олардың көбі ауыл шаруашылығымен айналысқысы келмейді. Есеп бойынша, күніне 2 мың шаруа жұмысымен мәңгілікке қоштасады екен. Өйткені ауыл шаруашылығымен айналысу тиімсіз. 

Авдеевканы алды
Бангладеште көпқабатты үйден өрт шығып 43 адам қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу