Перизат Тұрарова: «Ұлттық өнерді ұлықтауға құлық танытпаймыз»

Screenshot_1.jpg

Перизат Тұрарова, әнші

-          Перихат ханым, қазір ел алдында дәстүрлі ән мен эстрада жанрында өнер көрсетіп жүрсіз. Айтыңызшы «екі кеменің басын ұстау» қиынға соғып жатқан жоқ па?

-          Екі бағытта да ән салуға бала күнімнен машықтандым десем болады. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде сахнада эстрадалық әндерді үнемі домбырамен үйлестіріп айтып жүрдім. Ол жағынан ұстаздан арнайы сабақ та алғанмын. Сондықтан қай бағытта болса да өнер көрсету мен үшін қиын соққан емес. Бүгінгі заман әншілердің жан-жақты болуын талап етеді. Егер білімі, тәжірибесі жетіп жатса неге бірнеше бағытта ән салмасқа?!    

-          «Әнді айтсаң, жаныңды жеп айт» деген сөз бар емес пе? Бүгінгі қазақ сахнасында жүрген жас әншілердің, ізбасарларыңыздың кәсібилігіне көңіліңіз тола ма?

-          Дәстүрлі ән бағытын айтар болсам, өте талантты, талапшыл жастар көп. Олар тек  түрлі байқауларда ғана көзге түсіп жатады. Ұлттық өнерді жалғастырып келе жатқан жастарды біле бермеуіміздің себебі насихаттың аздығынан. Телеарнадан ұлттық ән жобалар азайды, әуе толқынында дәстүрлі музыканы таратып отырған жалғыз толқын бар. Ол «Шалқар» радиосы. Яғни ұлттық өнерді ұлықтауға келгенде құлық танытып отырған жоқпыз. Жас өнерпаздарға ешқандай сын айта алмаймын, ішінде кәсібилері жеткілікті.   

-          Әр күні жоспарлаулы филармония қызметкері болу оңай емес. Кейде жеке шаруаңызды тындыруға, отбасымен бірге болуға уақыт жетпей жататын шығар?

-          Әрине, күнделікті іс-шаралардан бөлек, шетелде іс-сапарға жиі шығып тұрамыз. Жеке шаруаға уақыттың жетпей жататыны рас. Алайда «әйел қырық жанды»  емес пе?! Барлығына үлгеруге тырысып жатам. Жолдасым өнер жолын таңдауыма әу баста қарлысық білдірмеген. Кейде тығыз шаруа кезінде бала-шағаны күйеуіме тапсырып кетемін. Оның жұмыстан қолы тимеген уақытта туыстардың көмегіне жүгінемін.

-          Биылғы жазғы демалысыңызды қайта өткіздіңіз?

-          Туған жерім Шығыс Қазақстан облысы шұрайлы Аякөзде өткіздім. Кіндік қаным тамған жердің табиғатын тамашаласам жаным рахаттанып қалады.

-          Әдеби әлеммен қаншалықты таныссыз?

-          Кітап оқығанды ерекше ұнатамын. Алайда соңғы кездері ана атанып, шығармашылықтағы жұмысым қауырт болуына байланысты әдеби әлемнен кішкене қол үзіп қалдым.  

Мұрағаттан, 2016 ж

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дінмұхамед Ыдырысов: «Биліктегілерді бизнесіме араластырмаймын»
  • Татьяна Бурмистрова: «Тіл үйрену үшін қазақ поэзиясын оқу керек»
  • Темірғали Көпбай: «Қазаққа бір Дэн Сяопин жетпей тұр...»
  • Ақерке Тәжібаева, қобызшы: «Жасауымның көбісін шетелден әкелдім»
  • Перизат Тұрарова: «Ұлттық өнерді ұлықтауға құлық танытпаймыз»
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика