«Өңір салу» салты туралы білесіз бе?

Oinet.kz 10-11-2019 2401

image.png

Өңір салу, отау көріктеу - Отқа шақырумен бірге болып жататын кәденің бірі.

- Мұнда ылғи бәйбішелер келеді. Ниеттері - келінге шашу шашып, құтты болсын айту. Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңір - киім, бұйым деп ең құрығанда терме бау немесе жас төсекті басқалар басынбасын деп бүркіт тұяғы, үкі, сырмақ, ожау, қазан, бақыр, қасық, саба, арқан-жіп әкеліп, отауды көріктеп өз қолдарымен тағады. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер. Келін түскен үй өңір сала келген әйелдерді, отау иесі ақсарыбас қойын сойып, асты-үстіне тұсып күтеді, дән риза етіп қайтарады, келіннің қоржынындағы аспен бірге келген бұлдардан алады. (А. Жүнісұлы).

Өңір салу - жас шаңыраққа құрмет және жәрдем десе де болады. Мұны соңғы кездерде үлкен адамдарыдң өзі естен шығарып алды

Қазақтың «түйе мұрындық» салты туралы білесіз бе?
Босаға майлау дегеніміз не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу