КСРО лагерьлерінде тұтқын қыздарды қалай азаптап өлтірген? Социализм сұмдықтары

Oinet.kz 24-10-2022 4484

Мен Пермь (бұрынғы Молотов) обылысындағы: "Ваганькино"-лагерінде бақылаушы (надзиратель) болып істедім.

Screenshot_3.jpg

Бұл лагерь туралы "Кім Ваганькинода" болмаса, ол қайғыны көрген жоқ". (Кто на Ваганькино не бывал,тот горя не видал) деген қанатты сөз болды. Лагерь бастығы Александр Петрович Толстов деген жендет болды. Мен оны Нырабоков изоляторынан білетін едім. Ол күнделікті үш мезгіл камераға кіріп, револьверімен бір адамды атып барып,таңертеңгі, түскі, кешкі асын ішуге отыратын. Бұл әдетін Толстов "аппетит ашу" - деп айтатын.

1946 жылы лагерьде Таганрогтан кезекті этап келді. Этапта 16-20 жас аралығындағы өрімдей жасөспірім бірыңғай қыздар еді. Лагерьге дейінгі 80км жолды Тайгадан айдауылдар (конвой) жаяу айдап әкелгендіктен, әбден қалжырап әрең жеткендігі көрініп тұрды. Сол жерде 200 тұтқын қыздарды анадан туғандай шешіндіріп қойып, лагерь бастығы Толстовты күтті. Ол қарап өзіне керегінше қыздарды алып қалып, қалғанын лагерьдегі ұры-қарылар мен олардың шестёркаларының талауына берді. Қаны мен көзі қарайған олар азанға дейін қыздарды зорлап білгенін істеді. Таңертең қыздарды бригадаға бөліп, кесілген бөренелерді иығымен тасып бір жерге жинады. 

Адам шыдамас ауыр жұмыстан  қалжыраған қыздар бір айдан кейін өле бастады. Менің міндетіме тұтқындарға өлген қыздарды көтертіп, ат қораның артындағы үлкен шұңқырға тастау болды. Бараққа кіргенде өлейін деп жатқан қыздар: "Ағажан,біз өлгеннен кейін үстіміздегі көйлегімізді шешпеңіздерші" - деген еді. Бірақ олардың соңғы өтініштерін ешкім орындаған жоқ.

Силевестор Иванович Волошин. НКВД-ң бұрынғы бақылаушысы.

Қызын қайыршыға беруге мәжбүр болған бай
Бұл фотодан қоянды тек Совет Одағында өмір сүргендер ғана таба алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу