«Найман» туралы қалжыңды тек Наймандар айта алады

Oinet.kz 06-02-2023 2519

«Негірді “Негір” деп тек Негір айта алады» деген ереже бар. Сол сияқты “Найман” туралы қалжыңды да тек Наймандар айта алады ғой.

Screenshot_7.jpg

Бір досым бар. Әйелі Найман. Досым өзін 100% Семьябасы санайды, но это не так. Әйелі өз саясатын жүргізіп, білдіртпей өз ойын іске асырады. Досым сол әйелінің жоспарын өзінің жоспары деп санап кетед3. Сол досым бір күні Шымкентке барады.

Шымкентте бір үлкен бастыққа кіреді. Біраз сөйлесіп, танысып, қал-жағдай біліседі. Досым жағдайын айтады. Үлкен кісі еш сөзге келмей, досымның сұрағанын жасап, шаруасын тындырып береді. Досым таңқалады. Танымайтын адамның бір сұрағаннан өтінішін жерде қалдырмағанын түсіне алмайды. Шыдай алмай: “Аға, сіз мені мүлде танымайсыз, менің өтінішімді ештеңе демей орындадыңыз, бұл не ғажап?” деген екен.

Сонда үлкен бастық: “Еее қалқам, үйдегі жеңгең Найман ғой, сені мен түсінбегенде кім түсінеді?” деген екен.

Ал, сіздер түріктің сериалындағы, Берік Айтжанов ойнаған “Найманға” таңқаласыңдар. Сол сериалдың режиссерын да бір Найман-Хатун Стамбулда қылқындырғаннан шыққан туынды ғой…

Samat Nordman Nurtaza

Фейсбуктегі парақшасынан

«Бізге көрсетпей жеңдерші»
Ей, наннан өлгір сорлы-ай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу