Қазақтардың намысына тиген шешен жігітінің басын кесіп алған азамат

Oinet.kz 04-04-2023 17479

1984 жыл, шілденің шіліңгір ыстық күні Семей облысыдағы Аягөз қаласында бір тосын оқиға облыс тұрғындарын дүр сілкіндірді. Қазандықта (кочегарка) от жағатын Қайырбек деген азамат күннің ыстығынан шөлін басайын деп жанында орналасқан сыраханадан сыра ішейін деп сонда басын сұғады.

Screenshot_5.jpg

Екі саптыаяқ сырасын алып, сусындап отырғанда, көрші столда отырған Кәп тауынан келген үш шешеннің жігіттерінің бірі қызып алып: - Орысша боқтық сөз қосып,(Шешеден боқтап) Кез келген қазақтың жігітіне үш сом (Рубль) ақша берсем, саптыаяғымды тасып зыр жүгіреді, - дейді. Ызаға булыққан Қайырбек: - Айтқан сөзіңді қайтала, - дейді. Анау өзінің сорына айтқанын қайталап береді. Қайырбек: - Қазақтың намысына тигенің үшін қазір сенің басыңды кесіп аламын,- дейді де, сыраханадан шығып кетеді. Біраздан соң қайтадан оралып, әлгі сөзді айтқан жігіттің жанына келіп: - Менің намысыма тиген сөзің үшін қазір мен сенің басыңда аламын, - дейді де, әлгі қарқылдап отырған жігіттің шашынан ұстап тұрып, отырған жерінде кеңірдегінен бауыздап жібереді. Бүкіл сырахананың іші у-шу болып, барлық сыра ішіп отырған жігіттер далаға қашып шығады. Қайырбек асықпай бауыздаған жігітті жұлындап, басын кесіп алады да, көшеде тұрған қоқыс салатын жәшікке лақтырып жіберіп, өзі тура сақшыға (Милицияға) тартады.

Бірнеше күн қамауда жатқан Қайырбекке шешен жігіттері бір амалын тауып кездеседі. Сонда Қайырбек: - Сендер ана бауырларыңнан артынан қуғыншы болып келіпсіңдер, сендер де сол жаққа барасыңдар, - дегенде, олар шығып жүре береді. Ұзақ жылға бас бостандығынан айрылған Қайырбекті этаппен Семей қаласын әкеледі.

Ертеңінде моншаға апарғанда- , дейді, осы әңгімен айтып отырған жігіт, Қайырбек қандай жігіт екен деп көргісі келеді. Сотталған адамдардың ұнжырғасы түсіп, көңілдерінде кірбің болса, Қайырбек бір тойда жүрген адамдай көңілді, қажылыққа бара жатқан адамдай жанындағы жігіттермен әңгімелесіп тұр екен дейді. Жақындап келіп қарап едім, жанары жасындай жарқ еткенде, көзімді тайдырып әкеттім. Ұлттың намысын таптаған тоңмойындар әлі де бар, дегенмен оларды басқа бір тәсілмен де беттерін қайтаруға болады... Сол азамат аман - есен еліне оралса, қаныпезер ретінде емес, батыр ретінде қабылдай алды ма екен, - деп, әңгімесін аяқтады жігіт ағасы.

P.S. Қай заманда да намысы бар ұлт жоғалмаған, мемлекетті де намысы бар азаматтар қорғаған екен. Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді, - деген сөзді бабалар бекер айтпаса керек. Әрине, бұл оқиғадан жастар үлгі алсын деп отырған жоқпын, ғибрат алсын, - деген оймен жазылған еді. Қазақ қыздары да өз намыстарын қорғау үшін атқа отырғанын тарихтар білеміз... Егемендік алғаннан кейін, Қайырбек түрмеден босап, Башқұртстанда қайтыс болыпты.

Марқұмның топырағы торқа болсын!!!

Ұлттық намысты қорғау үшін - Ұлттық намысы бар азамат болуы керек…

Сәбетқазы Нұрсила

Миллардтаған доллары барлар байлар емес, олар - ұрылар
Ұлы Отан соғысына қатысқан әкемнің медалін өз атына жазбай, шешемнің атына жазып берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу