Баласын өлімші етіп сабаған әке (Əлемді жылатқан оқиға)

Oinet.kz 05-11-2023 688

5ea6d726c64db.jpg

Бір кісі жақында ғана сатып алған су жаңа машинасын жуып жатқанда, алты жасар баласы жерден тас алып автокөлікке бір нәрселер сызып жазып тастайды. Қатты ашуланған ӘКЕ баласының не жазғанына да қарамастан баланың қолынан ұстап қатты ұрып-соққаны соншалық бала ауруханадан бірақ-ақ шығады. Қатты жәбір көргендіктен дәрігерлер баланың саусақтарын кесуге мәжбүр болады. Ота жасап есін жиған бала көңіл-күйі болмай отырған әкесін көріп:

- Әке саусақтарым қашан шығады деп сұрайды? Бұл сөзді естіген Әке өзін-өзі кінәлап барып өкініштен басын автокөлігіне ұра бастайды. Сол сәтте баласының машинасына не жазғысы келгенін көреді: «ӘКЕ СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН»

Ашу мен сүйіспеншілікте шек жоқ. Сол үшін ашу-ызамен асығыс шешім қабылдамаңыздар! Сіз бай-қуатты болуыңыз мүмкін, бірақ оны екінші орынға қойыңыз. Дүние-мүлік адамға қолдану, пайдалану үшін жасалған. Ал адамзат бір-біріне сүйіспеншілік көрсетіп сүю үшін жаралған!

Әкемнің арқасында біздің отбасыда ешкім қарғыс арқаламады
Кенесары қырғыздарға неге барды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу