Ашық сабақ. Құқық. Балалардың құқықтық сауатылығын арттыру. Ата Заңым- айбыным

Oinet.kz 05-10-2019 1425

Тақырыбы: Ата Заңым- айбыным

Мақсаты: 30 тамыз Конститутция мерекесіне орай оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға  деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.

Түрі: әңгіме

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер

 

Жүру барысы:

І. Психологиялық тренинг

2. Құқық туралы жалпы түсінік

3.Сұрақ-жауап.

4 Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)

5. Қорытынды

 Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Ата Заңым- айбыным» атты  тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

І Психологиялық тренинг

Тәрбие сағатымызды  бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатнастарыңызды ізглендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп тренинг дайындаған болатынбыз.

Сіздерге екі ак парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.

2.  Құқық туралы жалпы түсінік

Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар

 

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз

                                                                    Әлеуметтік норма








 



Құқық                                                Мораль                      

Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды

Құқық  дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент -   нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар -  нормативтік шешімдер қабылдайды.

1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.

                                                              

                                                          Адам құқығы





 


 


Табиғи Азаматтық құқық                              Экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық

 

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

ІІ. Сенің құқығың – менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде жөнінде айтып өтеді

1-оқушы: 10 бап

Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы

2-оқушы:

Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

3 оқушы: 9-бап

Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы

Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.

3-оқушы:11 бап

Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

4-оқушы 12 бап

Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ

5-оқушы 19 бап

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

6-оқушы 30 бап

Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

7 – оқушы 19 бап

Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.

 Өз құқықтарыңзды айтып өттіңіздер,қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек

(оқушылар өз міндеттерін айтады)

3. кезең Сұрақ - жауап

1.ҚР қандай мемлекет? /Тәуелсіз/

2.Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды? /1996 ж. 24 қаңтар/

3.ҚР – да Конституция қашан және неше рет қабылданды? /1993-1995 ж. Қабылданды/

4.Конституция сөзінің аудармасы? /Құрылым/

5.Ата заң не үшін қызмет етеді? /Әр адам құқығын қорғауға/

6.ҚР ақшасы қай жылы шықты? /1993 ж. 12 қараша/

7.ҚР Конституциясы неше бөлімнен тұрады? /9/

8.Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі?  /18/

9.ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? /1991 ж. 16 желтоқсан

4. Ойды аяқта

(мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)

1.      Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)

2.      Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

3.      Ұрлық түбі ... (қорлық)

4.      Өтірікшінің құрығы ... (бір-ақ тұтам)

5.      Тура биде ... (туған жоқ)

6.      Туғанды биде ... (иман жоқ)

7.      Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)

8.      Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)

9.      Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)

Қорытынды

Бүгінгі  тәрбие сағатымызда  30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай өтіп отыр. Жалпы заңды білу заман талабы. Сондықтан  бәріміз бірлесе біріге ортақ заңға бағынып болашақ Қазақстанды көркейтуге дамытуға үлес қосайық.

 (оқушылар да өз пікірлерін ортаға салады)

Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орйда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.

Мен жігіт 15-30 арасында,

Бұл шақта көп бересі, аласымда.

Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,

Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров  жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі пікірталасымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 


Ашық сабақ: Адамгершілік құндылықтарды жеке тұлға бойында қалыптастыру
Жазғы балалар демалысын қызықты ойындар арқылы тиімді ұйымдастыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу