Реферат: Ұйқас түрлері

Oinet.kz 08-09-2020 2772

Өлеңді өлең ететін ырғақпен катар ұйқас екені белгілі; ал ұ й қа с, яки р и ф м а (грекше гһуіһтоз — өлшемдес, мөлшерлес) — клаузуладағы, кейде тіпті цезурадағы дыбыс қайталаулар, дәлірек айтқанда,өл е ң т а р –м а қ т а р ы н д ағ ы с ө з а я қ т а р ы н ы ң ү н д е с т і г і, ө з а р а ұ қ- с а с, д ы б ы с т а с е с т і л у і. Ұйқас — өлеңнін, сыртқы түріне ғана емес, ішкі сырына тікелей қатысты нәрсе, яғни өлеңнін, сыртқы сұлулығы үшін ғана емес, ішкі жылуы, қызуы үшін де ауадай қажет нәрсе.


Поэтикалық синтаксистегі айшықтың (фигураның) мәні қандай болса, өлең сөздегі ұйқастың мәні де сондай. Ұйқастың маңызы әсіресе силлабикалық өлең үшін орасан зор.


Ұйқас өлеңді шығармадағы ең салмақты, басты һәм маңызды сөздерді ерекше бөліп көрсету үшін, оған өзгеше мағына дарыту, мән беру үшін де керек. В. Маяковский, мәселен, ең кенеулі сөзін өлен, тармағьшың аяғына қойып, соған қайткен күнде де қажетті ұйқас іздеп табады екен. “Ұйқас сөзді әдепкі тармаққа қайтарып әкеледі,— дейді ол,— оны қайтадан ойлатады, бір ойды бірлесе безендіріп жатқан барлық тармақты бір жерге тұтастырып тұрады”*,


Поэтикалық үндестік фонетакалық жағынан әр түрлі жолмен жасалады. Ұйқас та соған байланысты.

Әдетте, ұйқас — екі жол өлеңнің соңғы сөздерінің бірдей не бірдейге жақын естілуі:


Біз еккен кездессеңдер көк шыбыққа,

Құрмет ет, бір бұтағын жерге жықпа!


(С. Бегалин )


Дұрыс, ұйқас — осы; бірақ мұнымен тоқтамай, бірінші тармақтың ақырғы бунағындағы үндестік екінші тармақтың алғашқы бунағына, яки аяқтағы клаузуладан бастағы цезураға ауысып, ұйқас тереңдей түсуі мүмкін:


Асау жүрек алқынып, аттай тулап,

Аттай тулап, денені кетеді улап


(Ж Сыздықов )


* В Маяковский, Таңдамалы шығармалары, М, 1953, 2-том, 470-бет

Мұяымен де қоймай, кейде егіз тармақтар аяқтан ғана емес, бастан да ұйқасуы мүмкін:

Адам мерт, тағдыр кенет жалт бергенде,

Қалар серт, жете алмайды ант бергенге.


(Қ. Тоғызақов.)


‘ Бұл — бұл ма, енді бірде егіз тармақтардың әрбір сыбайлас бунақтары жаппай үндестікке көшіп, ұйқас өлеңнің өн бойына тарап кетуі де ықтимал:


Құм жатады….

көктен тамшы сұраған..

Түн қатады..

сабау қамшы бір адам..


(М. Горький.)


Ұйқастағы бұл секілді құбылулардың талай түріі тізіп көрсете беруге болады және оның әр түрінің өзіні лайық аты бар *. Бірақ ‘біз олай етпей, жоғарыдағыда үш-төрт үлгісін ғана ұсынып, осылар арқылы, бір жағынан, В. Маяковскийдің ұйқас — өлең жолдарындағы “соңғы сөздердің үндестігі деу — бекер, ол — өлең тармақтарын бір-біріне көгендеу тәсілдерінің тек бір түр айта кету керек, ең қарапайым және қара дүрсін түрі ғана”** дегенінің жаны бар екенін қатерге» арнайы сала кеткіміз ‘келсе, екінші жарынан, ұйқас та, ырғақ секілді,» өлеңнің өн бойындағы дем мен тыныс, наз бен саз екенін айрықша атап өткіміз келеді.


Ұйқасты тек клаузуладан ғана іздеуге академик В. Жирмунский де қарсы: “Ұйқас деген үғымға — дейді ол,— өлеңнін, композициясын қиыстыруға қатысы бар кез келген дыбыс қайталау кіруге тиіс”***. Бірақ бұған қарап аосонанс пен аллитерацияны да ұйқас дей беруге болмайды. “Ұйқас — дейді профеосор 3. Ахметов,— ассонанс, аллитерация секілді жеке дыбыстардың жай қайталануы емес, кейде ‘бір, көбіне бірнеше буындардың үндес үйлесімі”****.

А. Қвятковскийдің “Поэтикалық сөздігін” (М., 1966) қараңыз.— 3. Қ.

В. Маяковский, Таңдамалы шығармалары, М., 1953, 2-том, 470-бет.

В. Жирмунский, Ұйқас, оның тарихы мен теориясы, Пбг^і 1923, 9-бет.

3. Ахметов, Қазақ өлеңінің құрылысы, А., 1964, 111-бет.


Рас, ұйқастың туу тарихына қарасақ, мұның ролін атқарған нәрселер көп: әуелде ән атқарса, антика тұсында созымды, оозымсыз үн атқарған. Көне дүние метрикасы секілді, түрік нәсілділердін, бірқатарында (өзбек, азербайжан, ұйғыр, т. б.) он ғасыр бойы өлең, өлшемі болып келген аруздың сабаб — ватад—фасила негіздерінде құралған сегіз түрлі бунағының (фаулун, фаилун, мафаилун, фаилатун, мустафилун, мустафаилун, муфаалатун, мафулату) қайсысын алмаңыз, бұлардағы шешуші шарттар да ұйқаста емес, дауыс ырғағында жатқан. ¥йқастың міндетін атқаратын аллитерациялық әуен түрік-маңғұл тұқымдас якуттер мен хакастарда әлі бар. Алай-да осылардің бірде-бірі бұл күндердегі ұйқасқа пар келе алмайтынын, силлабиқалық өлеңдегі ұйқастың орны мен ролі айрықша бөлек екенін атап айту керек.


Өлең ұйқасы жайлы даулы-даусыз пікірлер көп. Әдебиет зерттеушілері ұйқастын, әр түрін анықтап, әрқайсысына т о л ы м д ы, т о л ы м с ы з, і ш к і, с ы р т қ ы, к ү р д е л і, ж а л а ң, т е р е ң, т а й ы з, а ш ы қ, т ұ й ы қ… дегендер тәрізді алуан түрлі ат беріп, айдар тағып жұр. Бұлардың ‘бәрінде де, әрине, шындық, дәлел, логика бар. Бірақ өлең жазатын адамға да, өлең, оқитын адамға да осының бәрін тәптіштеп түсіну шарт емес. Мәселен, мақтанба, баптанба (Абай) — толымды ұйқас болса,жұбанып, доғарып (Б. Ізтөлин) —толымсыз ұйқас екені өзінен өзі көрініп тұр. Бұл емес-ау, мұнын, есесіне мынаны білу қажет: ә р б і р ұ й қ а с ө л е ң ш у м а ғ ы н- ы ң ө н б о й ы н а т е к ө з і н е’ ғ а н а т ә н ө з г е ш е с ы ң ғ ы р ә у е з, с ұ л у с а з, с ы р л ы к ү й д а р ы т у ғ а т и і с. “Қиыннан қиысқан” ұйқас әуеніндегі әрбір шумақ бүтін бір бітім, “сөз сарасындағы” жақалық болуы қажет. Ұйқас — ұйқас үшін тұрмауы керек, яғни ұйқас өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі шарт. Ұйқастағы табиғилық та осында жатады. Өлең ұйқасының үстіндегі іздену осы тұрғыдан болуға тиіс.


“Қаза!қ поэзиясында ұйқастардың түрі көп,— деп жазды академик Қ. Жұмалиев,— бірақ ен, негізгі және көп қолданылатындары мыналар: 1) қара өлең ұйқасы, 2) шұбыртпалы ұйқас, 3) ерікті ұйқас, 4) кезекті ұйқас, 5) шалыс ұйқас, 6) егіз ұйқас, 7) аралас ұйқас, 8) осы


күнгі ерікті үйқастар”*. Біз ғалымның тұжырымын құптай отыра, осы түрлердің үлгілерін ұсынамыз.


I. Астыма мінген атым Бұқпа кара, —а

‘ Шақ тисе, ақ бетіңе — ыкқа қара. —а

Аулыңның сырт жағынан ән салайын, —б

Дауымды танымасаң, шық та қара! _ — а


(Халық эні)


II. Құланнан атты қодықты, • — а


Көлден тартты борықты, — а

Арада неше қоныпты, — а

Жетемін деп зорықты… — а


(“Қыз Жібек”.)


III. Бұлттан шыққан айға ұқсап, —- а


Тұр еді Назым нұрланып, — б

Атлас көйлек үстінде, — в

Көк арбаға сүйеніп, — — г

Шыбықтай белі бұралып. — б


(“Қамбар батыр”.)


IV. Еділдің бойы ен тоғай, — а


Ел қондырсам деп едім. — б

Жағалай жатқан сол елге . — в

Мал толтырсам деп едім.. . — б


(Махамбет.)


V. Желсіз түнде жарық ай, — а


Сәулесі суда дірілдеп; — б

Ауылдың жаны терең сай, — а

Тасыған өзен күрілдеп. — б


(Абай.)


VI. Азамат, жүнжіме, жүрме бос, — а


Қол ұстас, бірігіп тізе қос. — а

Ту ұстап дұшпанға барайық — б

Теңдіктің ұранын салайық! — б


(С. Сейфуллин.)


VII. Көзінен күлкі өшпейтін, —а


Өнер мен ойы өспейтін, —а

Осы бір ағаң, ағаң-ақ. —б

Сенен артқан досы жоқ, —в

Кебісін қойсаң ағалап. —б

Сенен артқан қасы жоқ, —в

Мінін айтсаң шамалап. —б

Мақтай берсең панаң-ақ, ‘ —б

Мақтамасаң қағанақ. —б


_______ (Ә. Тэжібаев.)


* Қ. Жұмалиев, Әдебиет теориясы, А., 1960, 183-бет.


VIII. Далама біткен биігім. — а


Қабіріңді жасырған ба қу жазық? —б

Мүрдеңе келіп иілдім, —а

Өр даусынды іздеп кеудем кұлазып. —б

Сен, —в

Елімнің жапан шөлінде —г

Арқырай аққан сел едің. —д

Кегін де, жұрттың шерін де —г

Нажағайлы жырыңмен —ж

Көк нөсерге бөледің . —д

Нөпіріңнен қалса бір тамшы —з

Жұтар едім, —е

Қызғышыңдай қызғанып. —б

Тұңғиығым бұрқаншы, —з

Тебіренейін, —к

Жүрегімде толқыныңнан із қалып. —б


(Қ. Бекхожин.)


Бұлар — жоғарыда аталған сегіз түрлі ұйқастың кейбір мысал-үлгілері ғана. Әйтпесе, бұлардың, түрі көп; басқасын айтпағанда, тек аралас, немесе ерікті (VII, VIII) ұйқастардың өзі ондап саналады. Аралас ұйқастың ‘бір ғана Абай туғызып, қалыптастырған түрінің өзі оннан асады. Олардың, көбі жұртқа таныс. Сондықтан ұйқас үлгілерін осыдан әрі тізе бергіміз келген жоқ. Оның үстіне, ұйқас түрлері де — шартты нәрселер. Айталық, еркін ұйқас. Мүның қазіргі қазақ ақындарының творчестволық іздену нәтижесінде туған түрлері тіпті көп. Олардың бәрін қағидалы қалыпқа салып, өлшеп-пішу тағы қиын. Ал, елшеп-піше қалған күнде де олар қара өлең, ұйқасы, егіз, немесе шалыс ұйқас секілді ақын атаулы жаппай қолданатыи заңды һәм табиғи үлгі боп қала ма, жоқ па?


Мұны ойламасқа және болмайды.


Мәселен, орыс поэзиясында әйгілі “Онегин шумағы”, оның өзіндік ұйқасы бар. Соның Қ. Шаңғытбаев аударған бір шумағын оқьш қарайық:


Қайдасың, сол көп періштем? — а

Жете ме менін, мұң-зарым. — б

Қыздардан талай көріскен — а

Айтсайшы кім жоқ, кім барын! — б

Күңіренген күміс күйлерін, — в

Бұралған орыс билерін —в

Күн бар ма көрер, дариға-ай? —г

Немесе таныс табылмай, —г

Отырар ма екем қамығып, — д

Жастарға кейін ер жеткен —ж

Томсара қарап лорнеттен’ —ж

Отырар ма екем жалығып, —д

Қыздырмай сауық-сайраны —з

Оралып ойлар қайдағы’ —з


(А Пушкин )


Он төрт тармақтан құралған бір шумақтың ұйқасьі әр алуан, бай: шалыс ұйкас, егіз ұйқас, қаусырма ұйқас — бәрі бар. Осыны оқығандар мұнша-лық өнегелі өлшем мен ұйқасқа қанша сүйсіне тұрса да дәл осы үлгіні аудармай қайталап өлең жаза бермейді.

Мұны ескермеске және болмайды.

Асылы, Б. Томашевский біліп айтқан: өлең туралы ойлардың көбі даулы, сондықтан бәрі қызық.


Ашық сабақ. Ағылшын тілі. We learn English
«Тұрсынбек Қабатовтың көлігі адам қаққаны рас па» - бар шындық айтылды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу