Абай Құнанбайұлы. Білімдіден шыққан сөз

olbooks.jpg

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкрегінде болсын көз.


Жүрегі - айна, көңігі - ояу,

Сөз тыңдамас ол баяу.

Өз өнері тұр таяу,

Ұқпасын ба сөзді тез?


Әблет басқан елерме,

Сөзге жуық келер ме?

Түзу сөзге сенер ме

Түзелмесін білген ез?


«Айтшы-айтшылап» жалынар,

Ұққыш жансып шабынар.

Ұқпай жатып жалығар,

Ұйқылы-ояу бойкүйез.


Жас баладай жеңсік қой,

Байлаулы емес ақыл, ой,

Ойлағаны - айт пен той,

Ыржаң - қылжаң ит мінез.


Сұлу қыз бен я батыр

Болмаған соң, тәңрі алғыр,

Шығып кетер, я қалғыр,

Оған ақыл - арам без.


Жақсыға айтсаң, жаны еріп,

Ұғар көңіл шын беріп,

Дертті ішіне ем көріп,

Неге алтынды десін жез.


«Ой, тәңір - айшыл» кер есек,

Қулық, сұмдық не өсек.

Болмаған соң, бір есеп -

Мейілі қамқа, мейілі бөз

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалпыламалық білімдер 1200-1300
  • Келіншектау атауы қайдан шыққан?
  • Томирис патшайым жайлы 10 дерек
  • Жалпыламалық білімдер 1150-1200
  • Логикалық сұрақ: Бір ауылда неше адам тұрады?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика