Күйеуім екеуі бір-біріне жалаңаш суретін жіберіп жүр

Oinet.kz 07-06-2022 2736

Жасым жиырма екіде. Тұрмыстамын, кұдайға шүкір 2 қызым бар. Күйеуімнің де мінезі жайлы. Жұмысы да, табысы да жақсы. Бірақ, жұмыстан келгесін телефонға жабысып, ватцаптан шықпайды.

Screenshot_9.jpg

Кейін тексеретінді шығардым. Сосын код қойып тастады. ”Мақұл“ деп үндемей жүрдім. Қолайлы сәтті күттім десе де болады. Кодын байқап қалсам, бірден басқасына ауыстырып тастайтын. Телефонын тексергенді жақтырмайтын шығар деп ойлап жүрдім.

Бір күні кодын көріп қойдым. Ол менің көргенімді байқамай қалды. Сол күні жұмыстан шаршап келген. Түнде тұрып телефонын тексеріп көрдім. Сөйтсем өзіміздің досымыздың әйелімен сөйлесіп жүр екен. Бір-біріне жалаңаш түскен суреттерін жіберіп, ашық әңгімелесіп жүреді екен.

Олардың бір-біріне жазғандарын көргенде естен танардай болдым. Екеуінен ондай сатқындықты күтпегем. Басқа емес, араласып жүрген құрбымнан ондай шығады деп ойламаппын. Енді не істерімді білмей отырмын. Ақыл беріңдерші.

el24kz


Жездемнің ойы арам екен
Жас құдағиды өзінен едәуір үлкен ер азаматтың құшағына құлай кетуге мәжбүрлейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу